рус / каз / eng

ШымбұлақАлматы қаласының орталығынан 25 шақырым жерде, Іле Алатауы шатқалында 2260 метр биіктігінде орын тепкен тау-шаңғылық курорты. Жаз мезгіліндегі орташа температура +20С, ал қыста -7С. Қар қабатының орташа деңгейі 150 см, жылдағы күнге толы күндер 90%. Бұл жер қараша айынан бастап мамырға дейін қар астында жатады. Тау шаңғы трассаларына екі 2-орынды, 1-орынды және бугельді арқан жолдары және тегін буксир көтергіш арқылы көтеріле аласыз. 2003 жылдан бері экстремалды сырғанау майталмандары үшін жаңа аймақ ашып берген 4-орынды жол пайдалануға берілді. Көтергіштер сізді 2260 м биіктіктен Талғар асуына дейін жеткізеді (3163 м).

Шымбұлақ – бұл бағыттардың сан алуандығы. Оның ішінде: тау шаңғысымен жаңадан танысып жүргендер үшін – жайпауыт трассалар, дайындығы жоғары деңгейдегі сырғанаушылар үшін – ұзақ трассалар, жылдам түсуге арналған – ФИС трассалар, сноубордистер үшін – адам аяғы баспаған қар жамылған алқаптар және халф-пайп, кәсіпқойлар үшін – экстремалды бұрылыстар және могулға арналған арнайы трассалар.

Ресми сайт: http://www.shymbulak.com/

Мекен-жайы: Горная көшесі, 640
Телефон: +7 (727) 330 85 50

Жұмыс кестесі: тәулік бойы.

Арқан жолдар сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін, күн сайын жұмыс істейді.

2012 ж. жаздық маусым бағасы.

Ересектер, тг

Балала, тг

Гондолды жолмен екі жаққа ақы көлемі

2 500

1 500

Комби 1 Комби 2

2 500

1 500

Гондолды жолмен екі жаққа ақы көлемі
+ Комби 1 + Комби 2

3 500

2 000

2007ж және кейінірек туылған балаларға тиісті құжаттарды ұсынған жағдайда жол ақысы тегін.

1947 ж дейін туылған зейнеткерлерге: тиісті құжаттарды ұсынған жағдайда жол ақысы тегін.

Мүгедектерге: тиісті құжаттарды ұсынған жағдайда жол ақысы тегін.

Комби- Шымбұлаққа құрамдастырылған арқан жолдар (тербелме-кресло)

Мамырдан қазан айына дейін, сейсенбі – профилактикалық күн.

Қала тарихы   Назар аударарлық орындар   Туристер үшін   Форум   Сурет галереясы   Алматы қаласының аймағы   Кері байланыс