рус / каз / eng

Қонақ үйлер тізімі

Сіздің назарыңызға Алматы қаласы қонақ үйлеріжәне отельдердің мекен-жайлары мен тұру құны көрсетілген тізімдер ұсынылып отыр. Сонымен қоса қонақ үйлер категориялары, бес жұлдызды қымбат қонақ үйлерден бастап, қымбат емес қонақ үйлер мен жатақханалар тізімі және номерлердің шамамен алынған бағасы (1-2 адамға тәулігіне тұру) берілген.

Сонымен қатар әр қонақ үйдің арнайы сайтына сілтеме берілген. Берілген сілтеме арқылы нақты бір қонақ үй туралы ақпараттар мен брондауға тапсырыс беруге және көлік туралы ақпараттар мен қала картасын көруге болады.

Таңдалған қонақ үйлер мен отельдерде тұру ең төменгі бағамен көрсетілген, яғни эконом категориясындағы бір орын бағасы. Бұл бағаға ережеге сай таңғы ас - швет столы кіреді.

Қонақ үйдің есептік уақыты әдеттегідей 12.00., егерде сіз ертерек немесе кешігіп келетін болсаңыз ол туралы номерді брондау кезде ескертіп қойуыңыз қажет. Егерде сіз жоспарлаған уақыттан кешігіп келетін болсаңыз, сіз номердің тәуліктік бағасының жартысын төлеуіңіз керек.

Шет ел азаматтарына барлық қонақ үйлер мен отельдер тіркелу шарасын ұсынады, ал кейбір қонақ үйлерде визалық қолдау көрсету де ұсынады.

Қонақ үйде тұрғаныңыз үшін сіз нақты ақшалай, яғни теңгемен немесе кредитк карточкамен төлей аласыз. Брондау кезінде көптеген қонақ үйлер сіздің кредит картаңыздың нөмерін сұрайды, яғни сіз брондаған нөмерге белгілі себебтермен келмей қалған жағдайда, қонақ үй сіздің кредит картаңыздан белгілі соманы айып пұл ретінде алып қалады. Және де сіз аэропорттан қонақ үйге дейін алдын ала трансферге тапсырыс бере аласыз.

Қала тарихы   Назар аударарлық орындар   Туристер үшін   Форум   Сурет галереясы   Алматы қаласының аймағы   Кері байланыс