рус / каз / eng
Метрополитен 2011 жылдың 1 желтоқсанынан бастап ұзындығы 8,2 км., 7 станциядан тұратын Алматы метрополитенінің бірінші кезеңі қолданысқа енгізілді.

Жол ақысы: 7 жасқа дейінгі балаларға – тегін; 7 жастан 15 жасқа дейін – 40 тг; ересектер үшін – 80 тг.

Турникет арқыл өту үшін смарт-жетондар немесе көп мәтерлік жол жүру билеттері қолданылады. Жетондарды ағымдағы күні пайдалану шарт. Қалған жол жүру жетондарын сенбі күні жол жүру ақысын төлеуге жұмсауға болады.

Жұмыс уақыты: 6.30-дан 23.30-ға дейін.

Райымбек Станциясы

Жер үсті. Станция Фурманов және Райымбек көшелерінің қиылысында орналасқан. Шығу жолдары - Фурманов-Райымбек, Панфилов-Райымбек көшелері.

Жаяу жүргінші аумақтары: Алматы-2 вокзалы, Саяхат автовокзалы, Мүсірепов атындағы Қазақтың Жасөспірімдер театры, Орталық мешіт, Көк базар, 28 гвардияшыл-панфиловшылар атындағы саябақ, Әулие-Вознесен шіркеуі, Даңқ Мемориалы.

Жибек Жолы Станциясы

Жоба әзірлеушілер: сәулетшілер - Әбілда Т.О., Мүсірғалиев Б.К., Жүнісов А.М. "ПИ Алматыгипрогор-1" ЖШС. Станцияның көркемдік авторы: суретші Ешкенов Г.А.

Станция Жібек жолы мен Гоголь көшелерінің аралығында Фурманов көшесінің астында орналасқан. Жер асты вестибюліне кіріп-шығу жолы Панфилов және Гоголь көшелерінің оңтүстік-шығыс қиылысында орналасқан инженерлік кешен ғимаратында

Жаяу жүргінші аумақтары: «Заңғар» СҮ, «Отырар», «Жетісу» қонақ үйлері, №2 дәріхана, «Юбилейный» супермаркеті, «Мәскеу», «Академкітап», «Silk Way» дүкендері, «Цезарь» кинотеатры, Арбат және т.б. кафе, дүкен, тұрғын үйлер.

Станция тереңінен салынған – 30 м, жол аралығы 25 м пилондық түрде, ені 19,8м және ұзындығы 104мжалпыаралық платформа құрайтын орталық және екі жақты үш залы бар. Станцияға шығу-түсу эскалатор арқылы жүзеге асырылады. Оның биіктігі 28,5м, ұзындығы 104,0м.

Сәулет-көркемдік шешімі қазақ халқының дәстүрлі сәндік-қолданбалы өнеріне негізделген. Қабырғалары біріңғай сәндік элементтермен безендірілген. Ол орталық залдың бөренелі қабырғаларында орналасқан сәндік панномен аяқталған. Сәндік элементтер жасанды тастардан жасалған. Қабырғалары сарғыш түсті мәрмәр нықышымен қапталған. Өту қақпасы мен ернеуліктер қоңыр түсті мәрмәрдан. Едені өрнекті тас плиталарымен қапталған

Станция интерьерін көркемдік безендірудегі монументалды-сәндік сюжеттік және көзбен шолудың негізгі идеясы келушілерге Ұлы Жібек Жолымен байланысты көру бейнелерін ашып көрсету. Орындалымның басты технологиялық материалы әйнекейлі көрнекті негізді түрдегі қыш болып табылады.

Алмалы Станциясы

Жоба әзірлеушілера: сәулетшілер- Әбілда Т.О., Мүсірғалиев Б.К., Жүнісов А.М. "ПИ Алматыгипрогор-1" ЖШС. Станцияның көркемдік авторы суретші Жамхан А.Ж.

Станция Бөгенбай батыр мен Қабанбай батыр көшелерінің арасында Фурманов көшесінің астынан өтеді. Кіру-шығу жолдары Панфилов пен Қарасай батыр көшелерінің шығысында орналасқан.

Жаяу жүргінші аумақтары: абай атындағы опера және балет театры, «Алматы» қонақ үйі, «Қазақстан ТемірЖолы» Басқармасы, Астана алаңы, Жүргенов атындағы өнер университеті, Баспошта, «Столичный» дүкені, басқа да кафе, дүкен, тұрғын үйлер.

Станция тереңінен салынған - 30 м,жол аралығы 25 м. пилондық түрде, ені 19,8м және ұзындығы 104мжалпыаралық платформа құрайтын орталық және екі жақты үш залы бар. Станцияға шығу-түсу эскалатор (4 жол) арқылы жүзеге асырылады. Оның биіктігі 29,0м, ұзындығы 58,0м.

Сәулет-көркемдік шешімі қазақ халқының дәстүрлі сәндік-қолданбалы өнеріне негізделген. Қабырғалары ұлттық ою-өрнекті мәрмәрмен қапталған. Жарықтандыру тат баспайтын болаттан жасалған ернеуде орнатылған сәндік шамдармен жүзеге асырылады. Өту қақпасы мен ернеуліктер қоңыр түсті мәрмәрдан. Едені өрнекті тас плиталарымен қапталған.

«Алмалы» көркемдік тақырыптық витражды панно платформада орналастырылған. Ол ежелгі қала мен гүлденген бақ идеясы бар жасанды жарықтандыру арқылы «көркемдік витраж» техникасында жасалған. Композиция үш бөліктен құралған: бірінші бөлігі – ежелгі Алмалы қаласын көрінісі бар гүлденген бақ, сол жақ бөлігі – керуен бейнесі барі жемістер пісуі. Орталық бөлігі – құнарлылық, өмір ағашы және береке символын білдіретін жемісі бар алма ағашы.

Абай Станциясы

Жоба әзірлеушілер: сәулетшілер Басен А., Үрістемов, Нұрпеисова, "Басен Сәулетшілері" ЖШС. Көркемдік панно авторы - суретші Мұқанов М.Ф.

Станция Абай даңғылы мен Фурманов көшесінің қиылысында орналасқан. Кіру-шығу жолдары абай даңғылының бойымен Төлебаев және Қонаев көшелерінің қиылысында орналасқан. Вестибюлге Абай даңғылына көлденең орналасқан өткел жасалған.

Жаяу жүргінші аумағы: Республика Сарайы, «Қазақстан» қонақ үйі, «Арман» кинотеатры, канат жолы, Француз үйі, Республика алаңы, Лермонтов атындағы драма театры, Ұлттық кітапхана, КМЭБИ, UIB, Кино және телевидение, Аграрлық, университеттері, Құрылыс және менеджмент колледжі, қалалық әкімдік, кафе, тұрғын үйлер.

Станция терең салынған - 50 м, бағаналы, жол аралығы 18,1м, ені 15,2м және ұзындығы 104мжалпыаралық платформа құрайтын орталық және екі жақты үш залы бар. Станцияға шығу-түсу эскалатор (4 жол) арқылы жүзеге асырылады. Оның биіктігі 46,0м, ұзындығы 104,0м.

Станцияның сәулет-көркемдік шешімі қазақтың ұлы ақыны, философ-гуманист Абай Құнанбаев маңызды тұлға екенін бейнелейтін және дәстүрлі сәлет элементтері жоқ түпнұсқалы интерьер қалыптастыруда. Безендір үшін келесі материалдар қолданылған: қабырғалар, бағаналар – ақ-сары және қоңыр түстегі мәрмәр, еден-сұр-ақ-сары және қоңыр түсті тас, ернеулер-тат баспайтын болат.

Платформа соңында қола бедері мен «флоренция өрнегі» техникасында жасалған көркемдік панно орналасқан. Сәлетпен үйлесімді болу үшін композиция заманауи стилінде жасалған. Абайдың қола рельефі ерекше бөліп көрсетілген. Онда осы кезеңге де лайық әрі өзекті болып табылатын Абай өлең жолдары мен сөзздері жазылған.

Байқоңыр Станциясы

Жоба әзірлеушілер: сәулетшілер Басен А., Үрістемов, Нұрпеисова, "Басен Сәулетшілері" ЖШС

Станция Байтұрсынұлы мен Масанчи көшелерінің арасында Абай даңғылының астымен өтеді. Кіру-шығу жолдары Байтұрсынұлы көшесінің бойымен Абай даңғылымен оңтүстік-батыс және оңтүстік-шығыс қиылысында орналасқан. Оңтүстік-шығыс кііре беріс екі жолды эскалатормен жабдықталған.

Жаяу жүргінші аумағында: Спорт сарайы, Орталық стадион, "Променад" СҮ, Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ, Туризм және спорт академиясы, кафе, тұрғын үйлер.

Станция терең салынған - 20 м, жол аралығы 18,1м бағаналы түрде, ені 15,2м және ұзындығы 104мжалпыаралық платформа құрайтын орталық және екі жақты үш залы бар. Станцияға шығу-түсу эскалатор (4 жол) арқылы жүзеге асырылады. Оның биіктігі 20,0м, ұзындығы 40,0м.

Станцияның сәулет-көркемдік шешімі ғарыш кемесінің интерьеріне ұқсас «Хай-Тек» стилінде жасалған. Безендіру үшін жоғары сапалы материалдар қолданылған: қабырғалар, төбесі – көгілдір және ашық сұр түстегі метал панелдерме қапталған, еден – сұр түсті тас.

Платформада жарнамалық-ақпараттық көрсеткіш тақта - «Видеоқабырға» орнатылған. Бұл мәтіндік және графикалық түрде түрлі ақпаратты көптеп шығаратын экран.

М. Әуезов атындағы драмтеатр Станциясы

Жоба әзірлеушілер: Сәулетшілер Әбілда Т.О., Мүсірғалиев Б.К., Жүнісов А.М. «ПИ Алматыгипрогор-1" ЖШС. Көркемдік панно авторы- суретшілер ұжымы Ешкенов Г.А., Жамхан А.Ж.

Станция Абай даңғылының астымен Жандосов көшесінің қиылысында орналасқан. Кіру-шығу жолдары Жандосов көшесіне қарай Абай даңғылының солтүстік және оңтүстік жағында орналасқан. Абай даңғылына

Жаяу жүргінші аумағында: Әуезов атындағы Қазақтың драма театры, ҚазМемЦирк, ойын-сауық саябақтары, Неке сарайы, оқу орындары, бизнес орталықтары, кафе, дүкендер, тұрғын үйлер.

Станция терең салынған - 30 м, жоларалығы 18,1 м пилондық түрде, ені 15,2м және ұзындығы 104мжалпыаралық платформа құрайтын орталық және екі жақты үш залы бар. Станцияға шығу-түсу эскалатор (4 жол) арқылы жүзеге асырылады. Оның биіктігі 27,0м, ұзындығы 54,0м.

Сәулет-көркемдік шешім гиперпласттан жасалып, ұлттық оюлармен, сондай ақ көшпенділер тұрмысының көріністермен әшекейленген ауқымды медальондары бар травертин плиткаларымен дара қабырғалар мен бағаналардан жасалған интерьерді құрайды.

Платформада спектакль көрінісі бейнеленген көркем өрнекті панно орналастырылған.

Алатау Станциясы

Жоба әзірлеуші: сәулетшілер Әбілда Т.О., Мүсірғалиев Б.К., Жүнісов А.М. "ПИ Алматыгипрогор-1" ЖШС. Көркемдік авторы- суретшілер- Ешкенов Г.А., Жамхан А.Ж.

Станция Гагарин даңғылы мен Жароков көшелерінің арасында Абай даңғылының астынан өтеді. Кіру-шығу жолдары Абай даңғылының бойымен Гагарин даңғылы мен Жароков көшесінің қиылысында. №1 вестибюлге Абай даңғылына көлденең, Жароков көшесінің батысына қарай орналасқан өткел бар. Жер асты вестибюлдері платформалық учаскенің екі жағында да орналастырыған.

Жаяу жүргінші аумағы: Баспа үйі, жобажәне ғылым институттарының тобы, Жанна СҮ, Военторг, кафе, дүкен, тұрғын үйлер.

Станция терең емес, ені 5,4м, ұзындығы 104м екі жақты отырғызу платформасы бар. Олардың арасынан рельс жолдары өтеді. Платформалық учаске ені 17,7 м, платформа деңгейінен биіктік-11,6м.

Жоба идеясының негізіне Алатау тауының атауы және Қазақстан аумағында тұрғын халықтардың ежелгі символикасы алынды. Станция қабырғалары ақ және жасыл мәрмәрмен қапталған. Едені сұр-қоңыр тастан салынған графикалық суреті бар сұр тастан жасалған

Платформалық учаскедегі вестибюль жақта орналасқан көркемдік-тақырыптық панно римдік өрнекпен, қоладан және Іле Алатауы бейнеленген бедерден тұрады.

Метрополитен станцияларының суреті СУРЕТГАЛЕРЕЯСЫНДА

Алматы қаласы метрополитенінің екінші кезегі

Жоба әзірлеушілер: сәулетшілер- Құдайбергенов К.А., Қозыбақов С., Болух Ю., Манеева О., Ыбраева С. "Метропроект" ЖШС.

Сайран Станциясы Тілендиев және Брусиловский көшелерінің арасында Абай даңғылының астымен өтеді. Мәскеу Станциясы Өтеген батыр көшесі мен Алтынсарин даңғылының арасында Абай даңғылының астымен өтеді.

Жаяу жүргінші аумағы: тұрғын үй шағын аудандарының тығыз қалалық құрылысы, кинотеатрлар, дүкендер, кафе.

Кіру-шығу орындары – Абай даңғылының бойымен Тілендиев және Брусилоский, Өтеген батыр көшелерінің қиылысы.

Метрополитеннің екінші кезегінің станциялары бағаналы, терең емес, үш бойлы (екі қатарлы бағана 6,0 м. адымды).

Станцияның екітүсті платформалық учаскесімен, кіре беріс баспалдақпен және лифтпен байланысты екі шектемелі вестибюль көзделген. Вестибюлдер жер асты өткелдермен байланыстырылып Абай даңғылының екі жағына шығатын жолдары бар. Кіре берістер вестибюлмен екі эскалатормен және баспалдақпен байланыстырылған. Станция безендіруде ұзақ мерзімді сәндік материалдар пайдаланылады: тас плиталары, барлық техникалық және эстетикалық талаптарға сай керамогранит. Кіру павильондары метал констуркцияларынан. Конструкция қоршауы – соққыға мықты әйнекті алюминь кескінді витраждар. Павильон жабындысы-«триплекс» көпқабатты әйнек. Қабырғалы жерлер керамогранитпен қапталған. Станция интерьері біріңғай стилде заманауи дизайнның ашық түсінде жасалған.

Сарыарқа Станциясы – Абай даңғ., Алтынсарина даңғ.қиылысы. Достық Станциясы – Абай даңғ, Яссауи көш.қиылысы. Қалқаман Станциясы - «Қалқаман-2» ш.ауд.

Метроның екінші кезегінің құрылысын аяқтау 2015-2017 жж. Жоспарланған.

Қала тарихы   Назар аударарлық орындар   Туристер үшін   Форум   Сурет галереясы   Алматы қаласының аймағы   Кері байланыс