рус / каз / eng
Қоғамдық көлігі

Алматы қаласы маршруттарында жолаушыларды тасымалдаумен және жүк тасумен, өз қарауында 2 000-нан астам автобус, 46 трамвай әрі 191 троллейбусы бар, 25 тасымалдаушы мен «Алматы Электро Транс» КММ айналысады.

Алматы қаласының маршруттық жүйесінде 113 маршруттік автобус, 11 троллейбустік маршрут және 2 трамвай маршруты бар.

Алматы қаласының қоғамдық көлігі сағат 6.00-ден 22.30-ға дейін жұмыс істейді.

Жер үсті қоғамдық көлігінде жүру құны 80 тенгені құрайды, 7 жасқа дейінгі балалар тегін жүреді, 7 жастан 15 жасқа дейін және 15 жастағы балалар жүру құнының 50 %-н төлейді.

2011 жылдың желтоқсан айында ұзындығы 8,2 шақырымды құрайтын Алматы метрополитені бірінші линиясының бірінші кезегі іске қосылмақ, мұнда 7 станса жұмыс істейді.

Алматы қаласының қоғамдық көлігінде жолаушыларды тасымалдау көлемі 2010 жылы 2 596 миллион жолаушыны құрады, оның ішінде: автобуспен 1 900 миллион адам, троллейбуспен 11 миллион адам, трамваймен 4 миллион адам және таксимен 678 миллион адам тасымалданды.

Қалалық көліктердің жұмысы жөнінде шағымдар келесі телефондар арқылы қабылданады:

- 271-67-12, 9.00-ден 18.00-ге дейін, көліктің барлық түрлеріне;

- 375-14-00, тәулік бойы, трамвай мен троллейбустарға;

- 386-03-40, тәулік бойы, муниципалды парк;

- 394-35-85, орталық диспетчер стансасы, тәулік бойы, барлық маршруттардың жұмыс схемасы мен қозғалыс кестесі мәселелері бойынша.

Қала тарихы   Назар аударарлық орындар   Туристер үшін   Форум   Сурет галереясы   Алматы қаласының аймағы   Кері байланыс