рус / каз / eng
Tемір жол вокзалдары Алматы-1 және Алматы-2

Алматы қаласында екі темір жол вокзалдары бар: Алматы-1 және Алматы-2

Алматы-2 вокзалы 1936-1939 жылдары салынған. Жоба авторлары: сәулетшілер А. П. Галкин, М. Кудрявцев; суретші И.В.Вахек. 1977 жылы ғимаратқа қайта жөндеу жұмыстары жүргізілді. Азаматтық және қоғамдық сәулеттің нұсқасы болып табылады. Қаланың орталығында орналасып, жолаушыларды барлық бағыттарға жіберу үшін бас нүкте: Мәскеу, Новосибирск, Нукус, Екатеринбург бағыттарына тура жіберіледі; халықаралық бағыттарға Үрімшіге; жергілікті – Астана, Шымкент, Петропавл, Атырау, Защита, Жезқазған, Маңғышлақ, Орал бағыттарына.

Вокзалға демалыс және жұмыс күндері 5 мыңға жуық адам кіреді. Жаз мезгілінде жолаушылар ағыны тәулігіне 10 мың адамға дейін өседі. Жұмыс уақыты – тәулік бойы.

Алматы-1 темір жол вокзалы 1976 жылы салынған. Жоба авторлары: сәулетшілер С. А. Мхиторян, З. М. Солдатова; инженерлер С.А.Филиппов. Азаматтық және қоғамдық сәулеттің нұсқасы болып табылады.

Жолаушыларды бес бағытта жіберу үшін бас нүкте: Түркістан, Локоть, Шенгелді, Луговая, Мойынтыға тура, жергілікті және халықаралық бағыттарға.

Алматы-1 вокзалында Ақтөбеге, Қостанайға, Қарағандыға, Павлодарға, Новосибирскке бағытталған пойыздар құрамы құрастырылады, Алматы-2 вокзалынан шыққан пойыздар өтеді. Оған қоса транзиттік пойыздар да өтеді: Новосибирск-Ташкент, Новокузнецк-Бішкек, Семей-Қызылорда.

Жолаушылар қызмет көрсету көлемі - тәулігіне 6650 жолаушы.

Вокзалдарда бос орындар, жолдың ұзақтығы, пойыздың жіберілу және келу уақыты жайлы ақпаратты жолаушыларға ұсыну мақсатында ақпараттық киоскілер, билеттерді төлем картасы арқылы сатып алуға болатын транзакциялық өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары, темір жол пойыздарында жолаушылар тасымалдау, жүк тасымалдау ережелері көрсетілген ақпараттық тақтайшалар орналастырылған.

www.railways.kz электронды мекен-жайы бойынша кеңседен немесе үйден шықпай билеттерге алдын-ала тапсырыс беріп, кейін пойыздың жіберілуіне кем дегенде 2 сағат алдында билетті кассаларда немесе транзакциялық терминалдарда кептеліссіз алуға мүмкіндік бар.

Қазақстан аумағы бойынша 7 жасқа дейінгі балаларға жол жүру тегін, ал 7 жастан 15 жасқа дейінгі балалар билет құнының 50% төлейді.

Вокзалдар ішінде: билет сату кассалары, күту залдары, VIP – залдар, бала және ана бөлмесі, кофе және шәй сатып алуға болатын құрылғылар, төлем терминалдары, ақша айырбастау нүктелері, шаш қию бөлмелері, дәретханалар, сақтау камералар, дәріханалар, медициналық бекет, мейрамхана, кафе, асхана, сату бөлімдер, баспа өнімін сататын нүктелер, сөйлесу нүктелері, мини-дүкендер бар. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында вокзалдар бейнебақылау камераларымен жабдықталған.

Көліктегі полицияның кезекші бөлімі қызмет жасайды.

Алматы-2 вокзалы.

Мекен-жайы: Абылай хан даңғылы, 1.

Анықтама бюросы: «105»

Автобус №24, 133; троллейбус №5,6 бағыттарымен жетуге болады.

Алматы-1 вокзалы.

Мекен-жайы: Станционная көшесі,1

Анықтама бюросы: «105»

Автобус №1, 2, 18, 30, 33, 34, 36, 62, 71, 72, 73, 77, 85, 87, 114, 135; троллейбус №7 бағыттарымен жетуге болады.

Қала тарихы   Назар аударарлық орындар   Туристер үшін   Форум   Сурет галереясы   Алматы қаласының аймағы   Кері байланыс