рус / каз / eng
«Сайран» халықаралық автобекеті

Алматы қаласында екі автобекет бар – «Сайран» халықаралық автобекеті мен «Саяхат» қала жанына жүретін автобекет.

«Сайран» халықаралық автобекеті жолаушыларды тасымалдау бойынша жұмысын 1983 жылы бастады. Күн сайын мұнда 2 500-3 000 адамды қамтитын 260 автобус келіп кетеді. «Сайран» автобкеті – Қазақстан Республикасының барлық қалаларына, жақын және алыс шет елдерге қатынайтын автобустар орталығы. Барлық маршруттардың жайлы автобустарында 7 жылдан аса еңбек өтілуі бар жоғары машықталған жүргізушілер қызмет көрсетеді. Олар жұмысқа кірісуге рұқсат алу үшін, жолға шығу алдында, міндетті түрде, медициналық тексеруден, ал автокөлік әр рейстің алдында техникалық тексеруден өтеді.

Автобекетте 51 маршрут, оның ішінде 4 халықаралық, 27 облысаралық және 20 қала маңындағы маршруттар халыққа қызмет көрсетеді. Автобустар қозғалысының кестесі .

Билеттердің алдын ала сатылуы 1 тәуліктен 10 тәулікке дейін сағат 7.00-ден 23.00-ге дейін.

7 жасқа дейінгі балаларға жүру тегін, 12 жасқа дейін – туу туралы куәлігін көрсеткен жағдайда, билетке 50 % жеңілдік бар. 32 килограммға дейін жүкті тегін алуға болады.

Бекетте ана мен баланың бөлмесі, сақтау камерасы (тәулік бойы), қонақ үй, кафе, темір жол билеттерін сату кассасы, айырбастау пункті, компьютерлік клубы, химиялық тазалау, кір жуатын бөлме және душ кабиналары бар.

«Сайран» автобекеті тәулік бойы жұмыс істейді.

«Сайран» автобекетіне дейін № 16, 33, 37, 45, 48, 53, 63, 65, 82, 85, 94, 100, 103, 106, 116, 124, 126, 136, 137 автобустары және № 4 трамвай барады.

Мекен жайы: Толе би көшесі, 294 ғимарат

Телефондары: +7(727)276-08-06 диспетчер; +7 (727)276-26-44 анықтамалы бюросы.

Қала тарихы   Назар аударарлық орындар   Туристер үшін   Форум   Сурет галереясы   Алматы қаласының аймағы   Кері байланыс