рус / каз / eng
Алматы халықаралық әуежайы

Қазақстандағы алғаш әуежай ғимараты 1936 жылы салынып, 1957 жылы қайта жөндеу жұмыстарынан өтті. жоба авторы: Б.Заварзин, Г.Елькин.

Ұлттық нақышта салынған алғашқы объект. Оған өз үлесін сәулетші Т.К.Басенов қосқан. 1975 жылы ғимаратқа тағы бір қайта жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жоба авторы суретші В.Н.Сенченко. Соғыс алдындағы қоғамдық сәулеттің нұсқасы болып табылады. Әуежайдың қазіргі ғимаратында тәулігіне 500 адамға қызмет көрсететін, чартерлі рейстердегі тұтынушыларға қызмет көрсететін бизнес терминал бар.

2004 жылы жаңа жолаушылар терминалы өз жұмысын бастады. Аталмыш терминалға қазіргі заманғы өмірді сақтау және бақылау, ғимаратты басқару, жүзеге асырылып жатқан әуе рейстер туралы ақпарат, жолаушыларды хабардар ету, жүкті іздеу жүйелері, өзін-өзі тіркеу үстелдері орнатылған.

Алматы әуежайы Қазақстандағы ең ірі болып есептеліп, тиімді географиялық жерде орналасқан. Жылына 3млн. адамға қызмет көрсетіледі.

Қазіргі уақытта әуежайға келесі компаниялар ұшып келеді: Сапсан, Жезқазған Эйр, Семей Авиа, Air Astana, Asia Wings, SCAT - Казахстан; ГТК Россия, Rusline, Трансаэро - Россия; Международный авиалинии Украины, Аэросвит, Czech Airlines, Donbass Aero - Украина; Узбекские авиалинии - Өзбекістан; Tajik Air, Samon Air – Тәжікстан; Туркменские авиалинии -Туркмения; Air Baltic - Латвия; KLM - Нидерланды; British Midland International - Великобритания; Lufthansa – Германия; China Southern - Қытай; Mahan Air – Иран; Asiana Airlines - Корея; Air Arabia , Etihad –БАӘ.

on-line тақтайшаны мында көре аласыз: - ұшып келу/ұшып кету .

Жүктерді және қол жүкті рәсімдеу ережелері.

Кеден ережелері

Air Astana және келісім шартқа отырғызылған компаниялармен бірлесе жүзеге асырылатын рейстерге билеттерді Online-брондау. Анықтама телефондары: +7(727)244-44-77

Air Astana және келісім шартқа отырғызылған компаниялармен бірлесе жүзеге асырылатын рейстерге Online-тіпкелу. Анықтама телефондары: +7(727)244-44-77

2 жасқа толмаған балаларға Қазақстан бойынша ұшу тегін, 2 жастан 14 жасқа дейін толық құнның 50%. Жеңілдіктер жайлы +7(727)244-44-77 телефон нөмірінен біле аласыз.

Ресми сайт: http://alaport.com/

e-mail: info@alaport.com

мекен жайы: Алматы қаласы, Б.Майлин көшесі, 2.

Анықтама қызметінің телефондары: +7 (727) 270-33-33, 155 (Алматы қаласы бойынша)

Әуежайға 32, 79, 86, 92, 106 автобустармен жете аласыз.

Қала тарихы   Назар аударарлық орындар   Туристер үшін   Форум   Сурет галереясы   Алматы қаласының аймағы   Кері байланыс