рус / каз / eng

Алматы қаласының Орталық мешіті. Пушкин және Мәметов к-рі. 1996-1999жж. салынған. Жоба авторлары: архитекторлар -С.К. Баймағамбетов, Ж.Н. Шарапиев, К. Жарылғанов; құрастырушы -К.Р. Төлебаев.

Діни сәулет ескерткіші (2002 ж. 23 қаңтардағы Алматы қ. мәслихатының XV сессиясының қаулысы)

Өлшемі 76 х 50 м. тікбұрышты, үш қабатты ғимарат. Биік аттик жабынды периметрі бойынша алаңды жауып тұр. Оңтүстік-батыс бөлігінде Меккеге қаратылып салынған күмбезді бесқырлы михрабпен ерекшеленеді. Мешіт бұрыштарында жартылай дөңгелек күмбездері (биіктігі 25м) бар гүлдасталары қойылған. Ғимараттың басты күмбезі (биіктігі 36 м, диаметрі 20м) екі қабатты барабанға орнатылған. Ол сталактиктер белбеуімен, түсті өрнектерден құралған эпиграфикамен (Құран сүрелері) және алтын жалатылған жарты аймен әшекейленген. Бастапқыда күмбездер ашық көк стеклокерамикалық тақталармен жабылған болатын. 2010-2011 жж. күмбездер қайта жөнделіп, олар алтын тілімшелермен жабылды.

Кіре берісте ойылып жасалған мәрмәр тақталармен әшекейленген сүйір қақпасы бар пештактар орнатылған. Оңтүстік-шығыс жағында мешіт мұнарасына (биіктігі 47м) баратын екі қабатты өткел бар.

Ғимараттың іші (сыйымдылығы 3 мыға жуық табынушы) екі қабатты аркадасы бар залдан (жұмалық, салттық және әйелдер залдары) тұрады. Жоғарғы қабатта сыйынушыларға арналған жартылай қабат тағы бар. Михраб оюлармен өрнектеліп қыштан жасалған тақтайлармен әшекейленген. Бетше босағада ойылып жасалған ағаш есік қолданылған. Астыңғы қабатта дәрет алатын, жуынатын және басқа да қосымша бөлмелер бар.

2000 жылы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қуаты күшті кондиционер орнатылды, кабинеттер компьютерлермен жабдықталды, құран оқитын бөлмедегі орындықтар бағалы ағаштан жасалған. Ондаған жас қарағайлар отырғызылған, 1700 кв.м аумақта саябақ орналасқан. Алматының орталық мешіті 7 мың адам сыйдырады.

Ресми сайт: http://www.azan.kz/

Телефон: 397-76-02

Әдеб.: Малиновская Е.Г. Мешіт, орталық. Алматы қаласының тарихи-мәдени ескерткіштері, Алматы, «Қазақ энциклопедиясы» ЖШС, 2006 ж., 288-289 бб.

Владимир Проскурин ( Берлин)

Қала тарихы   Назар аударарлық орындар   Туристер үшін   Форум   Сурет галереясы   Алматы қаласының аймағы   Кері байланыс