рус / каз / eng
Сәбит Мұқанов пен Ғабит Мүсіреповтің мемлекеттік әдеби-мемориалдық мұражайлық кешені

1999 жылдың 8 ақпанында С.Мұқанов (1978 ж. 21 қарашасында ашылды) пен Ғ.Мүсіреповтің (1987 ж. мамырында ашылды) жұмыс істеп тұрған мұражайларының базасында құрылды.

Әдеби экспозиция жазушылардың өмірлік және шығармашылық жолын бейнелейді: С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің жастық шақтарын, оқыған жылдарын, жазушы ретінде қалыптасу кезеңдерін, олардың қоғамдық-саяси қызметін көрсетеді. Бұл жерде әдеби деректі материалдары, шығармаларының қолжазбалары мен күнделіктер жазбалары, сондай-ақ әлемнің 50 тіліне аударылған жазушылардың шығармалар жинағы кеңінен қойылған.

Кешеннің мемориалдық бөлігінде жазушылардың өмірін сипаттайтын қызықты экспонаттармен, жеке заттарымен, кітап және т.б. танысуға болады. Мұражайдағы әрбір зат, әрбір экспонаттың өзіндік тарихы бар, жазушының өмір сүрген ортасы, өмірі мен шығармасынан сыр шертеді.

Мекенжайы: Төлебаев көш., 125

Тел.: 272-59-12, 272-82-86

Жұмыс уақыты: 10.00 - 17.00, үзіліс: 14.00-15.00

Демалыс күндері: жексенбі, дүйсенбі

Билеттер бағасы: ересектерге – 100 тг, оқушылар мен студенттерге – 50 тг.

Стоимость билетов: взрослый - 100тг, школьный и студенческий - 50тг

Қала тарихы   Назар аударарлық орындар   Туристер үшін   Форум   Сурет галереясы   Алматы қаласының аймағы   Кері байланыс