рус / каз / eng
Қазақстан республикасының мемлекеттік Ә.Кастеев атындағы өнер мұражайы

А.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайы 1976 жылы Алматы қаласында, Т.Шевченко атындағы Қазақ көркемөнер галереясы (1935ж.) және Республикалық колданбалы өнер мұражайы (1970ж.) негізінде құрылған.

Мұражай Қазақстан, Ресей, Батыс Еуропа, Азия және Шығыс елдерінің мәдениеті шағылысқан, ерте заманнан қазіргі кезге дейінгі қолданбалы және бейнелеу өнерінің үлкен және бірегей топтамасына ие. Қазіргі күнге дейін мұражай қарамағында 22 000 экспонат жиналған. Бұл қазақтың ең үздік болып танылған суретшілері мен мүсіншілерінің еңбектері: А. Қастеев, А. Исмаилов, К. Тельжанов, С. Айтбаев, Г. Исмаилова, Е. Төлепбаев, Х. Наурызбаев, Е. Мергенов, У. Ажиев, А. Степанов, Е. Сидоркин, М. Кисаметдинов және тағы басқалар. XVII-XX ғасырлардағы орыс өнерінің топтамасы И. Аргунов, К. Брюллов, И. Айвазовский, И. Шишкин, И. Крамской, К. Коровин, А. Лентулов, П. Кончаловский, К. Петров-Водкин сияқты көрнекті шеберлердің еңбектерінен құралған.

Мұражайда ұдайы түрде алыс және жақын шет елдерден көрмелер өткізіледі, халықаралық ғылыми конференциялар мен семинарлар ұйымдастырылады.

Ресми сайт: http://www.gmirk.kz/

Мекен-жай: Көктем-3 ықшам ауданы, 22/1

Тел.:394-55-19, 394-57-09, 394-56-75

Жұмыс уақыты: 9.00-ден бастап 18.00-ге дейін, демалыс күні - дүйсенбі, әр айдың соңғы күні – санитарлы күн.

Билеттер бағасы: ересектерге – 400 тг, мектеп оқушыларына – 70 тг; 7 жасқа дейінгі балаларға кіру тегін.

Қала тарихы   Назар аударарлық орындар   Туристер үшін   Форум   Сурет галереясы   Алматы қаласының аймағы   Кері байланыс