рус / каз / eng
Ұйғыр музыкалық комедия театры

1934-жылы қыркүйек айында Алматыда алғаш ашылған кәсiби Ұйғыр музыкалық-драма театры, қиын тарихи дағдарыстарға қарамастан өз ұйымын құра бiлген және өз көрермендерiн мықты шығармаларымен, бүкiләлемдiк классика үлгiлерiмен таныстыра отырып, өзінің ұлттық драматургиялық деңгейiн де жоғары көтере бiлген. Ұйғыр театры өз шығармаларындағы кейiпкерлер арқылы - адамдардың, шындыққа жаны тән, халық қамын ойлайтын, ел еркiндiгiне ат салысатын, социалистiк әлеуметтi жоғарылатуға бел байлаған азаматтар образдарын сала бiлген. Олар ерлiк-романтикалық образдар: С.Палван, М.Қожамияров, Назугум, Лутпулла, Б.Назым, А.Розыбақиев, психологиялық жағы терең ашылған Анархан, Санам, Айхан, Аманниса образдары, шындық ақиқат жолындағы Саит, сарай маңы ақын Хапиз, жауынгер Айса образдары. Кәсiби ұйғыр театр өнерi қазақ, өзбек, татар халықтарының мәдени өнерiмен бiрiге отырып дамыған.
Театр сахнасында ұлттық драматургиямен бiрге Горький, Шекспир, Гоголь, Гольдони, Мольер, Погодин, Ауэзов, Яшен, Қаххар сияқты дүние классиктерiнiң шығармалары қойылған.
Өткен жылдар iшiнде Ұйғыр театрында үлкен өнер майталмандары жетіліп жоғарғы сатыға көтерiлген. Олар бiр қатар Қазақстан халық артисттерi: А.Шамиев, С.Саттарова, М.Семятова, М.Бакиев, Р.Илахунова, З.Акбарова, Н.Маметова, Қ.Абдурасулов, А. Әхмәдий /Өзбекстан Рес-ның Халық әртісі/, М.Әхмәдий, Қазақстан Республикасына еңбегi сiңген артисттер: Ж.Асимов, Г.Жалилов, Х.Илиева, М.Зайнаудинов, А.Супиев, Р.Тохтанова, А.Акбаров, Т.Бахтибаев. С.Исраилов, М.Рахманова, К.Закиров, Г.Саитова, Р.Саттарова, Р.Махпирова, А.Акбарова, М.Ìàìåòáàқèåâ, Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген қайраткер А.Айсаев және көптеген басқа да өнер жұлдыздары.
Театрмен бiрге тығыз қарым-қатынаста СССР Халық әртiсi, Мемлекеттiк сыйлық иегерi, композитор Қ.Қожамияров, Қазақстан Халық әртiсi дирижер Ғ.Дугашев, Қазақстан Республикасына еңбегi сiңген өнер қайраткерi И.Масимов, композиторлар Н.Кибиров, И.Исаев, Ш.Шаймарданова бiрлесе отырып жұмыс атқарған. Театр тарихында мәңгiлiк есте сақталып қалатын есiмдер көп. Олар көптеген жылдар бойы театрдың дамуына, ұйғыр өнерiнiң өрбіп жетiлiуiне атсалысып еңбек еткен азаматтар: өзбек режиссерлерi А. Ард. Ибрагимов және В.Азимов, қазақ режиссерлерi А.Исмайилов, СССР Халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері- Ә.Ìәìáåòîâ, Республикамыздың халық әртисттері Б.Омаров, Қ.Жетписбаев, аттары аңызға айналған өзбек және қазақ сахнасының өнер жұлдыздары: Т.Ханум, К.Байсеитова, Х.Насирова, композиторлар: Мацуцин, Поливанов, Ерзакович, Ив.Сокольский және т.б.
1967-жылдан бастап Ұйғыр музыкалық-драма театры «Ұйғыр музыкалық комедия театры» деп аталды. Бұл күнде Ұйғыр музыкалық комедия театры: драма труппасынан басқа, «Нава» фольклорлы ансамблi, «Сада» жастар вокалды хореографиялық ансамблi, «Рухсара» би ансамблiне бөлiнедi.
Театр ұжымы ұшiн осы соңғы жылдар қиындау болды. Ғимаратты жаңалау құрылыс жұмыстары кезiндегi экономикалық, материалдық, моральдiк қиындықтарға қарамастан театр өз жұмысын театрдың сол жылдардағы директоры М.Ахмадиевтiң жетекшiлiгiмен, қолдауымен атқаруды тоқтатпай өнер жетiстiктерiне аяқ баса бiлген. Оған дәлел театрдың көптеген халықаралық, республикалық театрлар фестивальдарiнда, тамаша қойылымдары мен дарынды әртiстерiнiң еңбегiмен фестиваль лауреаттары атанған және дипломдармен марапатталуы дәлел. 1997-жылғы 1Х халықаралық фестивалiнде театр Каирде /Мисир/ халықаралық сахнада өз өнерiн танымал еткен. 1998-жылы театр Венгрияда болып өткен /Медиавейв-98/ Дүниежүзiлiк визуалды өнер фестивалiнде, Түркия, Қытай, Финляндия, Англия, Швейцария, Америка мемлекеттерiнде және т.б. ел сапарларында болған.
2002-жылы Ұйғыр театры өзiнiң жаңа өмiрiн жаңа ғимаратта бастады. Ғимаратты ашу салтанатына Қазақстан Республикасы президентi Н.А.Назарбаев қатысқан.

2003-жылы Махамбет Өтемісұлының 200 жылдығына арналған Х1 Республикалық театр фестивалінде Ұйғыр театры ұжымы Ә.Таразидің «Махамбет» фантасмагориясымен қатысып, театрдың Бас суретшісі – Пайзирахман Ибрагимов «ең үздік сценография» номинациясы бойынша, жас актриса Әминә Үсенова болса, «ең үздік әйел ролі» номинациясы бойынша лауреат аталды. Спектакльді сахнаға қойған режиссер- Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері- Сәулебек Асылханұлы.
2006-жылы Қырғызстан Республикасының астанасы Бишкек қаласында болып өткен Халық аралық «АРТ-ОРДО» театр фестиваліне Ұйғыр театры Ш.Бошбековтың «Тағдыр есігі» мұңды комедиясымен қатысып, актер Алимжан Айсаев «ең үздік ер ролі» номинациясы бойынша фестиваль лауреаты аталды. Сол жылы тамыз айында драма труппасы Германияда болып өткен халық аралық театрлар фестиваліне, Алматыда болып өткен Орта Азия театрлары фестиваліне «Тавут» /авторы, қоюшы-режиссеры Я.Шамиев/, «Ғерип-Сәнәм» /авторлары-И.Саттаров, В.Дьяков/ музыкалы драмаларымен қатысты.
Желтоқсан айында ұжым С.Ахмадтың «Келіндер көтерілісі» атты комедиясымен Шынжаң Ұйғыр автоном районына гастрольдік сапармен барып қайтты.
2005- жылы театрымызға СССР Халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты, мәшһүр композитор –Қуддус Қожамияровтың есімі берілген.
Ұйғыр театры өзінің алғаш қадамынан бастап репертуарында қазақ драматургиясына ерекше орын берген. Мысалы 30- жылдары жас драматург Ғ.Мүсрепов өзінің «Қозы көрпеш- Баян сулу» шығармасын алғаш рет Ұйғыр театрына алып келген және бұл шығарманы режиссер В.Дьяков жоғары деңгейде сахнаға қойған. Кейіннен М.Әуезов, Ә.Тәжібаев, Ш.Хусаинов, Қ.Шанғитбаевтардың шығармалары қойылып көрерменнің жоғары ілтипатына ие болған.
Театрымыз бүгінде сол дәстүрді табысты жалғастыруда. Мысалы Иран –Ғайып пен жазушы Шайим Шаваевтің «Қашғария» атты тарихи дастаны, Ә.Таразидің «Махамбет» фантасмагориясы, И.Сапарбайдың «Сыған серенадасы» атты музыкалық шығармалары бүгін театрымыздың репертуарынан орын алған.
Репертурымызға жаңа қойылымдар, жаңа концерттік бағдарламалар енгізілуде.

Ресми сайты: http://uigurteatr.kz/

Электрондық мекен жайы: uigur_theatre@mail.ru

Мекен жайы: Наурызбай батыр көшесі 83 үй

Байланыс телефондары.: +7(727)272-37-87

Театрға келесі қоғамдық көліктермен жетуге болады: 32, 92, 139

Қала тарихы   Назар аударарлық орындар   Туристер үшін   Форум   Сурет галереясы   Алматы қаласының аймағы   Кері байланыс