рус / каз / eng
Кәріс музыкалық комедия театры

«Құрмет белгісі» ордені Мемлекеттік республикалық музыкалық комедияның корей театры

Музыкалық комедия театры, мемлекеттік республикалық кореялық (1968 ж.). 1966 ж. бастап республикалық театр; 1974 ж. бастап қазіргі атауы. Владивосток қаласында (1932 ж.) құрылған, «Құрмет белгісі» (1982 ж.).

1937 ж. Шығыр Шығыстан корейліктердің көшіп қонған кезінде театр Қазақстан мен Орта Азияға ауыстырылды (Қызыл Орда (1937-41, 1959-68), Үш Төбе (1942-59), Алматы (1968). Басында, ұйғыр театрымен бірлесе отырып, Дзержинский көш., 83 мекен жай бойынша (бұрынғы Дзержинский атындағы НКВД клубы, 1935, сәулетші И. Буровцев, сәулет және тарих ескерткіші).

Қазір жеке меншік ғимаратта. Көрермендер залында 198 орын бар. Жылына театр 50-70 шара өткізеді, оған 35 000 көрермен қатысады. Театр музыкалық, сахналық, вокалды-хореографиялық өнер көрсетіп, ұлттық классик пен фольклор шығармаларынан, орыс және қазақ әрі шетелдік спектакльдерін қояды.

«Ариран» ансамблі мен ұлттық балет тобы құрылғаннан бері гастрольді сапары кеңейтілді. 1989 жылдан бері театр шет елге: Корея Республикасына, Қытайға, АҚШ-қа және Германияға сапармен бара бастады.

Театрда Владимир Гуркиннің «Байкал жанындағы кадриль» пьесасы бойынша «Ауыл кадрилі» музыкалық комедиясы, Цой Ен Гына мен Антонина Малюченконың «Сим Чен туралы аңыз» мюзиклі кеңінен тараған. Гарсиа Лорканың «Бернард Альбаның үйі» пьесасы бойынша «Мұның бәрі әйел туралы», Цой Ен Гынаның «Ариран», Ли Ен Хоның «Чун Хян қыз туралы аңыз», Лаврентий Сон мен Станислав Лидің «Естелік» және Дұлат Исабековтың «Мұрагерлер» атты драмалары аса сәтті деп саналады.

Театрде драмалық топ, әншілер, вокалистер, «Самульнори» фольклорлық-этнографиялық топ, би тобы және «Премиум» квартеты жұмыс істейді. Жетекші әртістер: Александр Мун, Роза Лим, Майя Пак, Зоя Ким, Вениамин Ли, Галина Ким, Антонина Пяк, Эдуард Пак, Роман Цой, Анастасия Цой және тағы басқа ҚР еңбегі сіңген әртістер.

Спектакльдердің басталуы: жұмыс күндері сағат 19.00-де, демалыс және мереке күндері сағат 16.00-де.

Билеттер құны 500 теңге, балалар үшін 200 теңге.

Ресми сайты: www.korteatr.kz

Электронды мекен жайы: kor-teatr75@mail .гu

Театрдың мекен жайы: Папанин көш., № 70/1, Ярославский көш. қиылысы.

Телефондары: +7(727) 384-82-78, +7(727) 384-15-27, +7(727) 384-82-76.

Театрге дейін № 74, 121 автобустармен баруға болады.

Қала тарихы   Назар аударарлық орындар   Туристер үшін   Форум   Сурет галереясы   Алматы қаласының аймағы   Кері байланыс