рус / каз / eng
Неміс драма театры

Аздап тарихқа көз жүгіртсек, 1975 жылдың 6 ақпанында Қазақ ССР Мәдениет Министрлігінің бұйрығымен қазақ жеріндегі алғашқы неміс театрының іргесі қаланды. Театрды ашудағы басты мақсат – республикада өмір сүретін неміс халқының рухани құндылықтары мен мәдени мұрасын сақтап, өсіп келе жатқан ұрпақ қамы үшін оны әрі қарай дамыту болды.

Арада 5 жыл уақыт өткен соң, 1980 жылы 26 желтоқсанда Теміртау қаласында алғашқы неміс драма театры ашылды. Театр шымылдығы неміс жазушысы Александр Райменгтің «Алғашқылар» («Первые») пьесасымен ашылған. Пьесада неміс ұлтының қазақ жеріне көшіп келгендегі алғашқы күндері, қазақ халқымен қарым-қатынасы көрсетілген. Театрдың актерлік труппасының негізгі құрамында алғашқы болып Мәскеудегі М.С. Щепкин атындағы театр училищесінің түлектері құраған. Театр репертуарында орыстың және немістің классиктерімен қатар осы заманғы шетелдік шығармалар да сахналанған. Мысалы: Г.Э. Лессингтің “Эмилия Галотти”, Ф.Шиллердің “Зұлымдық пен махаббат”, Н.В. Гогольдің “Үйлену”, Б.Брехтің “Үш тиындық опера” А.Н. Островскийдің “Ұлық болсаң кішік бол”, В.Борхерттің “Көшеде, есік алдында”, Ф.Дюренматтың “Физиктер”, Х.Калаудың “Етік киген мысық”, т.б. жазушылардың туындылары қойылған.

Халықтың көпшілігі өз отанына оралуы труппа құрамына да әсер етіп, 1989 жылы театр Алматы қаласына көшірілді. Жаңа құраммен толыққан неміс театры қарқынды түрде жұмысын бастап кетті. Труппа құрамы өзге ұлт өкілдерімен толыға бастады. Бұл өз кезегінде театр болмысына тікелей әсер етіп, өзгерістер орын алды. Олар театрдың жаңа үлгіде жандану жолында еңбектерін аямай, дамуына ат салысып, тер төкті. Театр жаңа туындылармен толықты. Мысалы, Джеффри Черчидің «Макбет», Кристоф Фетриедің «Миры в переходах» (Джеймс Джойстың «Уилисс» романы), Катарина Шмеердің «Дай жару», Х. Ганымның «Войцек» (Г. Бюхнер пьесасы), “Алматыға келген Мильфорд ханым” (реж. Б.Атабаев) “Ей, қайсың барсың” (реж. И.Симонова), “Африкадағы пингвиндер” (реж. Н.Дубс), т.б. пьесалары көрерменге ұсынылған.

Бүгінде Неміс Драма театр репертуарында француз жазушысы Эрик-Эммануэль Шмитттің «Оскар и Розовая Дама», австриялық жазушы Эдён фон Хорват «Дон Жуан приходит с войны», сондай ақ М. Бартеневтың «Счастливый Ганс», Х. Бергертің «По одежке протянешь ножки», С Мрожектің «Свобода» т.б. қойылымдар бар.

Осылай мәдениетінің бір бөлшегін өшірмей күннен-күнге қайта жандандырып отырған Неміс Драма театрының (DTA) басты ұстанымы неміс халқының мәдени мұрасын сақтау болып отыр.


Спектакльдердің қойылу уақыты : 12-00 және 19-00

Билет құны: балалар - 300тг, үлкендер - 800 тг.

Ресми сайты: www.dta.kz

Мекен жайы: Сәтпаев көшесі, 64 «д» ғимарат


Байланыс телефондары: +7 (727) 392-01-18, +7 (727) 392-02-34, Факс: +7 (727) 392-01-18

Электрондық мекен жайы: info@dta.kz


Театрға келесі қоғамдық көліктермен жетуге болады: 40, 56, 114 және 1, 12 троллейбустармен

Қала тарихы   Назар аударарлық орындар   Туристер үшін   Форум   Сурет галереясы   Алматы қаласының аймағы   Кері байланыс