рус / каз / eng
Мемлекеттiк қуыршақтар театры

Қуыршақтар театры, республикалық (1938 ж.) 1935 жылы қазақ және орыс труппаларымен құрылған. Верный қаласының клубты мекемеде, бұрынғы Қоғамдық жиында (мөлшері 1910 ж., авторы белгісіз) орналасқан. Тарих пен мәдениет ескерткіші, тізімге 1979 ж. енгізілген.

Кеңес жылдары ғимарат қала жиналыстары мен митингтерін, театралды және циркті көріністерді өткізу үшін қолданылған (1919 ж. Троцкий атындағы партиялық клубы, содан кейін Кеңес театры; 1935 ж. – ұлттық филармония; 1960 ж. – «Қазахконцерт» бірлестігі): Мұнда, 1921 ж. 5 ақпаны күні, партиялық конференцияда Верный қаласының атауын Алма-Атаға өзгерту туралы шешім қабылданды. Ғимарат қайта жөндеуден өткен кезде, мемориалдық тақталар жоғалтылды.

Жыл сайын қуыршақтар театры 25 000 көрермен қатысатын 300-ден астам спектакль көрсетеді. Театр репертуарында, тақталы қуыршақтардың (бұрын – атты, таяқты) қатысуымен 40 спектакль бар. Репертуарының негізі – халық әрі әдеби, шығыс әрі шетелдік ертегі мен аңызы. Қазіргі кезде «Қаңбақ шал», «Атамекен», «Алладиннің сиқырлы шамы», «Мереке жалғасуда», «Тарқамайды тойымыз», «Үш торай», «Али баба және 40 қарақшы», «Ертегінің қонақтары: шалқан», «Маша мен аю», «Теремок», «Керуен-Дала», «Чемпион Қожа», «Кішкентай бақаның үлкен хикаясы» мейірімділік, батырлық, әділеттік, достастық тақырыптары мен замандауи этикалық мәселелерді қозғағандықтан, көрермендер арасында үлкен сұраныста.

«Алдар көсе» мен «Өтеген батыр» атты қуыршақ спектакльдерінің алғашқы режиссерлері Қазақ драмалық театрының жетекші актерлері К. Батыров, С. Тельгараев; қуыршақтану-режиссерлер арнайы курстарын тәмәмдаған А. Федорченко, А. Анчаров және шақырылған қуыршақтану-шеберлер Д. Липман мен О. Тарасова. Л. Хамиди мен Б. Ерзакович сияқты композиторлар алғашқы спектакльдердің музыкалық безендірілуімен айналысқан.

Отан соғысы жылдары театр әртістері майдандық концерттік бригадалар құрамасында болған. Соғыстан кейін – Вьетнам мен Кампучия, Ташкенттегі фестивальдер лауреаты (1979 ж., 1989 ж.), Фрунзеге (1975 ж.) концертпен барды.

Ұжымның шығармашылығымен Қытай, Ресей, Иран, Түркия, Болгария, Жапония, Чехия тағы көптеген басқа елдерінің көрермендері таныс. Театр талантты актерлер, қуыршақтану-шеберлер, режиссерлер мен суретшілердің бірнеше ұрпақтарын өсіріп тәрбиеледі. Қазір театрдің дамуына көп жылғы еңбек өтілі бар қуыршақтану-шеберлер: еңбегі сіңген әртістер – С. Абуева мен Л. Печорина; актерлер – В. Беркин, К. Ильясова, Д. Бейсенбаев, бас суретші – Е. Яшнев; қоюшы режиссер С. Мақұлбеков – ҚР мәдениет Министрлігінің «Мәдениет қайраткері» құрмет белгісінің иегерлері үлкен үлес қосуда.

Спектакльдер әр сенбі мен жексенбі сайын қойылады.

Спектакльдердің басталуы: (қазақша) сағат 11.00-де, (орысша) сағат 12.30-да. Бала бақшалар мен мектептерде жылжымалы спектакльдер сейсенбіден жұмаға дейін қойылады. Демалыс күні – дүйсенбі.

Билет құны: 200-500 тг.

Театрдың ресми сайты: www.puppet.kz

Мекен жайы: Пушкин көшесі, 63

Байланыс телефондары:

Қабылдау бөлімі + 7 (727) 273 24 70

Касса + 7 (727) 234 79 22

Жұртшылықпен байланыс бөлімі + 7 (727) 234 79 23

Лит.: Проскурин В.Н. Собрание общественное- В кн.: Свод памятников истории и культуры города Алматы. - Алматы, ТОО «Казахская энциклопедия», 2006 г., сс.86- 87 ;Театр кукол.- в кн.: Алматы. Энциклопедия / Гл. ред. Р.Н.Нургалиев - Алматы, 1996, с. 511-512

Қала тарихы   Назар аударарлық орындар   Туристер үшін   Форум   Сурет галереясы   Алматы қаласының аймағы   Кері байланыс