рус / каз / eng
Ғ. Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры

Қазақтың балалар мен жасөспірімдер театры 1946 жылдың 4 шілдесі күні А. Толстойдың ,,Алтын кілт,, пьесасы бойынша қазақ тілінде тұңғыш рет спектакль қойып, ресми түрде тұсауын кесті. Спектакльді Кеңес Одағы бойынша балалар театрының негізін қалаған режиссер Н. И. Сац қойды. Ол Қазақстандағы жас жеткіншектерге арналған театрдың ашылуы мен қазақ труппасының өз алдына шымылдық көтеруі жұмыстарына тікелей бел шеше араласты.

Өзінің 67 жылдық жолында түрлі асулы кезеңдерді артта қалдырып, талай жетістік белестеріне көтерілді. 1958 жылы Мәскеуде өткен Бүкіл-одақтық жастар театрларының фестивалінде Ыбырай Алтынсарин ( авт. М. Ақынжанов ) спектаклі екінші дәрежелі дипломды иеленді. Бұл спектакльдегі үздік өнерлері үшін артистер Б. Қалтаев, С. Саттарова, Ә. Өмірзақова, қоюшы-режиссер А. Тоқпанов фестиваль лауреаттары атанды. 1966 жылы Мен Дон Ук қойған Ш. Хұсайыновтың “Алғашқы ұшқындар” спектаклі театрға Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығын әперді. 1983 жылы М. Әуезовтің “Алуа” пьесасын сахналаған режиссер Р. Сейтметов пен спектакльде ойнаған артистер – Г. Қазақбаева, М. Құланбаев, М. Бақтыгереев Қазақ ССР-інің Мемлекеттік сыйлығымен марапатталды. 1985 жылы Ұлы Же-ңістің 40 жылдығына арналған Бүкілодақтық байқауда “Жау тылындағы бала” ( авт. Қ. Қайсенов, инсц. О. Бөкей, реж. Н. Жақыпбай ) спектаклі ІІІ дәрежелі дипломға ие болды. 1995 жылы Ұлы Абайдың 150 жылдық мерейтойына орай өткізілген Республикалық театр фестиваліне қатысқан “Желсіз түнде жарық ай” ( авт. М. Әуезов, инсц. Ш. Айманов ) спектаклі бірінші орынды жеңіп алды және қойылым режиссері Н. Жақыпбай “Ең үздік режиссерлік шешімі үшін” жүлдесімен марапатталды. 1998 жылы Каир қаласында өткен Халықаралық театр фестивалінде “Жан азабы” ( авт. Ш. Айтматов, реж. Н. Жақыпбай ) қойылымы ең үздік спектакльдер қатарынан көрінді.

Құрылғанына 68 жыл толып отырған Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының жоға-рыдағыдай аталмыш жеңістері шығармашылық ұжымның қол жеткізген соны жетістіктері болып табылады. Бүгінде, театр ұлттық сахна өнерінің ұлы көшбасшылары салған жолдағы ұлағатты да дәстүрлі үрдіс құнды-лықтарын сақтай отырып, шығармашылық жаңа белестерге жету жолын-дағы ізденіс қарымын одан әрі шыңдап келеді.

Бүгінде, театр ұжымында 200-ден астам адам қызмет етеді. Оның 60-тан астамы артистер. Қалғаны әкімдік, шығармашылық құрамның жетекші қызметкерлері мен техникалық құрам жұмыскерлері.

Театрда 7 цех және 6 бөлім бар.



Спектакльдердің қойылу уақыты: 10.00 және 19.00

Билеттер бағасы: балалар - 250-300тг, үлкендер - 250-500тг

Ресми сайты: teatr-musrepov.kz

Электрондық мекен жайы: teatr_musrepov@mail.ru

Мекен жайы: Абылай хан даңғылы, 38 ғимарат

Байланыс телефондары:

Қабылдау бөлімі 271-38-10

БАҚ бөлімі 273-22-48

Бухгалтерия 271-40-61

Касса 271-42-37


Театрға мына қоғамдық көліктемен жетуге болады: 24, 59, 98, 139 және 5,6 троллейбустармен.

Қала тарихы   Назар аударарлық орындар   Туристер үшін   Форум   Сурет галереясы   Алматы қаласының аймағы   Кері байланыс