рус / каз / eng
Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры

Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры 1934 жылдың 13 қаңтарында Мұхтар Әуезовтің либреттосында «Айман-Шолпан» музыкалық қойылымымен ашылды. Спектакль Қазақ драматеатрының сахнасында өтті.

Театр ғимараты 1936-1941 жж. салынды. Жоба авторлары - сәулетшілер Н. А. Круглов, Н. А. Простаков, Т. К. Басенов; безендіруші-суретшілер В. Крошин, Н. Цивчинский ұлттық сәулет өнерін, ою-өрнектер пайдалануда зор еңбек атқарды.

Опера және балет театрын жобалау мен салу Қазақстан сәулет өнерінде ұлттық нышандарды іздестірудің алғашқы тәжірибесіне айналды. Сәулет және тарихи ескерткіш болып табылады.

Бүгінде көрермен залы 789 орындық. Жылына 200 балет және опералық спектакльдер қойылады, 70 мыңдай көрермен тамашалай алады. Театрдың репертуарында 35 астам опералық және 40 балет спектаклдері бар. Соңғы жылдары «Тангейзер», «Лючия ди Ламмермур», «Трубадур», «Любовный напиток», «Томирис», «Богема» опералары; «Легенда о любви», «Тлеп и Сарыкыз», «Ромео и Джульетта», «Красная Жизель», «Анна Каренина» сынды балеттер қойылып жүр. Бүгінгі таңда атақты театрдың бай дәстүрлерін сахнада Нұржамал Үсенбаева, Жамиля Баспақова, Шахимардан Абилов, Сара Ищанова, Болат Букенов, Майра Мұхамедқызы, Сауле Рахмедова, Құралай Сарқытбаева, Дмитрий Сушков, Фархад Буриев, Амир Жексенбек, Азамат Асқаров, Жәнібек Усин сияқты атақты әншілер жалғастыруда.

Спектакльдердің басталуы: 18.30 сағ, жексенбі 17.00 сағ.

Опера спектакльдерінің бағасы – 400 - 1700 теңге;

Балет спектакльдерінің бағасы – 500 - 3000 теңге.

Ресми сайт: www.gatob.kz

Мекен-жайы: Қабанбай батыр к., 110.

тел. 272-79-63, 272-79-34

Қала тарихы   Назар аударарлық орындар   Туристер үшін   Форум   Сурет галереясы   Алматы қаласының аймағы   Кері байланыс