рус / каз / eng
М.Лермонтов атындағы Орыстың драма театры

М. Ю. Лермонтов атындағы драма театры, орыс, мемлекеттік, академиялық. 846 орындық «Лермонтов театры» (бас сахнада 598 орын, кіші сахнада 120 орын) жеке меншік ғимаратта орналасқан (ЦНИИЭП ғажайып ғимараттардың авторлық ұжымы, Мәскеу қаласы). 1969 ж. құрылған, сәулетшілер: Г. Горлышков, В. Давыденко, М. Былинкин, В. Руденко; инженер М. Глебова. 1979 ж. сәулет ескерткіші.

1933 ж. құрылған, алғашқы қойылым Семей қаласында болды («Любовь Яровая» К. Тренев пьесасы). 1934 ж. Алма-Ата қаласына НКВД клубының жаңа ғимаратына көшіп барды, сәулетші И. Буровцев (Дзержинский көш., 83 ғимарат, қазір музыкалық комедияның ұйғыр театры орналасқан). 1987 жылдан бері сәулет ескерткіші. Мұнда орыс театры А. Е. Афогеновтың «Страх» пьесасын қойған болатын. Бұл ғимаратта опералық және драмалық спектакльдер қойылып, салтанатты және қоғамдық-қаралы шаралар өткізілді.

Театрдың алғашқы әртістері: Е. Кручинина, З. Морская, С. Ассуиров, М. Бранд; режиссерлер: Л. Варпаховский, М. Гольдблат, Г. Товстогонов, Б. Бибиков, Я. Штейн, А.Соломарский, М. Сулимова, А. Мадиевский. Театр репертуарында М. Әуезовтің «Қобыланды» мен «Түнгі гүріл», Ғ. Мүсіреповтің «Махаббат туралы поэма» тағы басқа қазақ классиктердің шығармалары бар.

1964 жылы Михаил Юрьевич Лермонтовтың 150 жылдығына орай театрге ақынның есімі берілді. Алматылықтар «лермонтовшылар» деген сөзді естіген кезде әйгілі және сүйікті әртістер ұжымын естеріне бірден алады. 1974 жылы Мәскеудегі сәтті сапардан кейін театрге академиялық атақ берілді. 1983 жылы театр «Халық достастығы» орденімен марапатталды.

1983 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін театрдың басшысы ҚР халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, «Платинді Тарлан» тәуелсіз сыйлықтың иегері, профессор Рубен Суренович Андриасян. Бас суретші Владимир Иванович Кужель, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері. «Эзоп» спектакліне ҚР Мемлекеттік сыйлығы берілген. Театрдың актерлік және көркемдік құрамасының бес адамы Мемлекеттік сыйлығының иегері болды.

Театрдың спектакльдеріне қазақ әртістері де қатысады. Мәселен, КСРО халық әртісі Х. Букеева «Иван Грозный» пьесасындағы Мария Темрюковнаның рөлін, А. Жолымбетов – патшаның, КСРО халық әртісі Ш. Айманов – «Терең тамырлар» спектаклінде Бреттаның рөлін, Қаз СРО халық әртісі Н. Жантурин «Порт Артур» спектаклінде Звонаревтің рөлін ойнаған.

Театр соңғы жылдары қазақстан мен шет елдердің театралды фестивальдеріне сәтті қатысып жүр. Жоғары сұраныстағы алғашқы, жаңа спектакльдер, сонымен қатар, қойылымдар: «Чудиктер», «Қате бойынша өлтірім», «Фудзиямаға шығу», «Шиелі бақ», «Аспан түседі» тағы басқалар.

Театрдың жетекші әртістері: Қазақстан Республикасының халық әртістері – Г. М. Бойченко, Л. В. Нэльская, Ю. Б. Померанцев (ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, «Тарлан» тәуелсіз сыйлығының иегері); ҚР еңбегі сіңген әртістер – Г. Н. Балаев, Т. П. Банченко, В. А. Гришко, Н. В. Долматова, Н. Л. Жмеренецкая, А. А. Зубов, Ю. Н. Капустин (ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері), М. М. Токарев, В. В. Толоконников (РФ Мемлекеттік сыйлығының иегері); Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген қайраткерлер – М. Ю. Ганцева («Дарын» жастар сыйлығының иегері), А. Н. Креженчуков, И. М. Лебсак (ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері), И. В. Личадеев, В. Д. Зинченко.

Бір жылдың ішінде үш жүзге жуық спектакль қойылады, оған 82 000 адам қатысады.

Спектакльдердің басталуы: балаларға сағат 11.00-де, үлкендерге сағат 19.00-де.

2011 жылдың желтоқсан айынан бастап сенбі-жексенбі күндері сағат 18.00-ден басталады.

Билеттер құны: бас сахнада 800-2 000 теңге, кіші сахнада 1 500-2 000 теңге, балалар спектаклдерінің құны 400-600 теңгеден.

Ресми сайты: http://tl.kz/

E-mail: info@tl.kz

Мекен жайы: Абай даңғылы, 43.

Тел.: +7(727) 267-31-33 +7(727) 267-31-65, ф.: +7(727)267-31-45

Лит.:Малиновская Е.Г.Театр русский драматический им. М.Ю. Лермонтова - В кн.: Свод памятников истории и культуры города Алматы. - Алматы, ТОО «Казахская энциклопедия», 2006 г., сс.304-305 ; Театр драмы им. М.Ю.Лермонтова в кн.: Алматы. Энциклопедия / Гл. ред. Р.Н.Нургалиев - Алматы, 1996, сс. 510-511

Қала тарихы   Назар аударарлық орындар   Туристер үшін   Форум   Сурет галереясы   Алматы қаласының аймағы   Кері байланыс