рус / каз / eng
М.Әуезов атындағы Қазақтың драма театры

М. О. Әуезов атындағы драм театры, қазақ мемлекеттік академиялық. 1937 жылы «Академиялық» мәртебесі, ал 1961 жылы ұлы жазушы драматург М. Әуезовтің есімі берілді. 1946 жылы театр «Еңбек қызыл Туы» орденімен, ал 1076 жылы «Елдердің достастығы» орденімен марапатталды.

Театр қазақ кәсіби өнерінің бесігі деп бекер аталмайды, ол 1926 жылдың 13 қаңтары күні Қызыл Орда қаласында М. Әуезовтің «Еңлік Кебек» трагедиясымен ашылды. 1929 жылы театр еліміздің жаңа астанасы Алматыға көшіп барды. Ол бұрынғы «Орион» кинотеатрында (Копальская (Қазіргі Қонаев көш.) мен Совет (Қазыбек би), бұрынғы бұйрықшылардың вернендік Клубы). 1941-1963 жылдары Дзержинский көш., 83 ғимарат мекен жайындағы орыс драма театрымен бірге орналасқан. 1963-1982 жылдары Коминтерн атындағы бас алаңда, А. Иманов атындағы гүлэардың қарсысында, коммунистический көшесінің бойындағы (қазіргі қазақ ЖБТ) 800 орындық жаңа ғимаратта. Сәулет ескерткіші, ескерткіштер тізіміне 1986 жылы енгізілген.

1982 жылы жаңа ғимаратқа көшті, жоба авторлары: сәулетшілер О. Баймұрзаев, А. Қайнарбаев, М. Жақсалықов; инженерлер М. Плахотников, И. Брохович; суретшілер И. Нимец, Г. Завизионный (1982 жылы Ш. Уәлиханов атындағы қазақ СРО Мемлекеттік жүлдесін иеленді). Сәулет ескерткіші, 1982 жылы тізімге енгізілді. Театралды алаңда М. О. Әуезовке ескерткіш қойылған (1980 ж., мүсінші Б. Сергебаев).

Театр қажетті цехтармен, құралдармен, жоғары білікті мамандармен толық қамтамасыз етілген. Театрдың үлкен залы 756 орынды, ал кіші залы 276 орынды құрайды. Бір жыл ішінде театрда 198 спектакль қойылады, орташа санағанда оған 91 281 адам қатысады. Ағымдағы репертуарда 50-ге жуық (қазақ, орыс, және шетелдік классиктердің, Қазіргі заман драматургиясы) спектакльдер бар. Үлкен сұраныста У. Шекспирдің «Гамлет» пен «Ромео мен Джульетта», Г. Гауптманның «Күн ұясына кірер алдында», Н. Гогольдің «Үйлену», М. Әуезовтің «Абай», «Айман-Шолпан» және «Қаракөз», И. Сапарбаевтің «Сыған серенадасы», Т. Нұрмағанбетовтың «Бес бойдаққа бір той», Ф. Буляковтың «Отыз ұлың болғанша», Д. Исабекованың «Жаужүрек», Ү. Ғаджыбекованың «Аршын мал алан» және тағы басқа көптеген пьессалар бойынша спектакльдер қойылуда.

Театрдың жетекші әртістері: қазақ КСР халық әртісі А.Әшімов; ҚР Мемлекеттік жүлденің лауреаты, «Отан», «Парасат» ордендерінің иегері С. Оразбаев; ҚР халық әртісі, ҚР Мемлекеттік жүлденің лауреаты Т. Жаманқұлов; ҚР еңбегі сіңген әртісі Х. Елебекова; ҚР халық әртісі, Тастанбеков; ҚР халық әртісі, «Отан» орденінің иегері З. Шарипова; ҚР халық әртісі Н. Мышбаева; ҚР халық әртісі, «Парасат» орденінің иегері Т. Тасыбекова; ҚР еңбегі сіңген әртісі Б. Имашева және тағы басқалар.

Лит. : Матвеева Л.А. Здание казахского театра драмы им. М.О.Ауэзова -В кн. : Памятники истории и культуры Алматы .Каталог документов Управления архивами и документацией и ЦГА г.Алматы .- Алматы, изд-во «Онер», 2003 г., сс. 122=123 ; Малиновская Е.Г.Театр казахский им. М.Ауэзова - В кн.: Свод памятников истории и культуры города Алматы. - Алматы, ТОО «Казахская энциклопедия», 2006 г., сс.298-300 ; Театр драмы им. М.О. Ауэзова.- в кн.: Алматы. Энциклопедия / Гл. ред. Р.Н.Нургалиев - Алматы, 1996, с. 508-510

Спектакльдердің басталуы: сағат 18.30-да, демалыс күні – дүйсенбі.

Билетер құны: 200-500 теңге.

Ресми сайты: auezov-teatr.kz

Мекен жайы: Абай даңғылы, 103 ғимарат.

Телефоны: +7(727)378-54-00, +7(727)378-54-16

Касса: +7(727)378-53-85

Театрге дейін келесі автобустармен баруға болады: 19, 25, 34, 35, 44, 55,65, 66, 92,98, 112, 118, 120, 121, 121а, 128, 139; троллейбустермен: 5, 6.

Қала тарихы   Назар аударарлық орындар   Туристер үшін   Форум   Сурет галереясы   Алматы қаласының аймағы   Кері байланыс