рус / каз / eng
Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті атындағы саябақ

ҚР Бірінші Президенті атындағы саябағы - дендропаркі Алматы қаласы Бостандық ауданының Навои және әл-Фараби көшелер қиылысында орналасқан.

Саябақ, келушілерге 2010 жылдың шілдесінен ашық.

Дендропактің жалпы аумағы 73 га құрайды.Оның құрылысы басталған 2001 жылдан бастап жоспарланған элементтер - аллея,бульварлар мен дендрарлық учаскелерінің құрылысы және дендрарлық жоспар бойынша жасыл желек отырғызу жұмысы жүргізілді. »Пекин-2008» олимпиадалық алау эстафетасына Алматы қаласының қатысу құрметіне саябаққа 100-ден аса атаулы қайыңдар мен шыршалар отырғызылды. 2011 жылы 100 түп тянь-шань шыршасы отырғызылған. Саябақ аумағында 2001 жылы ҚР Бірінші Президенті Н.Назарбаевтың өз қолымен отырғызған емен ағашы өсіп тұр.

Саябақ аумағын абаттандыру жұмыстары әлі де жүргізілуде. Саябақтың бас жоспарында 9,5 гектарлы су кешені мен 4,8, гектарлы тау сілемінің құрылысы бар. Саябақтың оңтүстік бөлігіндегі 24 метрлі жер аумағына тау өзені мен жасанды тау ландшафты компазиция жоспарланған. Басқа таулы бөлімшелеріне жасанды су өзендері мен көлшіктер қарасытылған. Саябақтың орталығында жабық-климатрондар оңтүстік және солтүстік жартышар флорасының құрылысы жоспарланып қарастырылған.

Қазіргі уақытта болашақ климатрондар құрылысы орнында алты су бұрқақтар, гүлзарлар мен демалыс алаңдары орын алған.

Саябақтың кіре беріс ортасында қала ішіндегі ең үлкен кешкісін сәле шашып әуен шығаратын су бұрқақ орын алған. Оңтүстік беткейінде алты сарқырамалы тобпен мөлдір таза суымен кіші сарқырамалары бар. Бұл су бұрқақты әр түрлі диаметрлі 13,5м; 37м; 48м; 53м көлемді дөңгелек кесе тәріздес. Су бұрқақ ортасында жұлдызнама белгілеріндегі медальдармен қоршаған тәж тәріздес архитектуралы бейне орын алады. Тәж ортасынан 30 метр биіктікке дейін ағатын 70 мм диаметрлі су бұрқақтың басты су ағысы ағады. Жұлдызнама белгілері 3 метрлік биіктікпен 12 гейзерлік ағыстар ағады.

Бірінші және екінші сарқырамадан сыртқы және ішкі ағыстармен 82 форсункалар ағады.Үшінші кеседе 12 форсунок-полусфер орналасқан.Ал төртінші кеседе «Құм сағатты» 10 форсунок орнатылған.Ең соңғы бесінші кеседе «бүгілген сақина тәріздес» 16 су бұрқақ орналасқан.

Су бұрқақтың негізгі аумағында су бұрқақ гейзерлер сақинасы орнатылған. Сақинаның ішкі жағында гейзер тәріздес 71 су бұрқақ, ал сыртқы жағында 16 су бұрқақ орналасқан. Бас су бұрқақ форсункаларының жалпы саны 302 дана.

Су бұрқақты басқаратын компьютер бағдарламасында жұмыс кестесі берілген: стационарлық (классикалық) және тәулік мерзіліне қарай қараңғы түсе бастағанда іске қосылатын әуенді-түрлі түсті сәуле шашу су шоуы.

Су бұрқақ жұмысын 3000 м3 көлемді суымен толтырмалы резервуарлар атқарады. Су бұрқақ жұмысының насос станциясын сегіз насостық топ қолдап тұрады.

2011 жылы 11 қарашада Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Қазақстан» монументалды-сәулет компазициясының ашылу салтанаты болды. Ескерткіш қола, гранит және мәрмәр тастан бүркіт тәріздес құйылған. Ескерткіш ортасында Бірінші Президент бейнесі кескінделген. Ал бүркіттің қанатында Алматы және Астана қаласының символы орын алған. Ескерткіште еліміздің тарихи және сәулет өнерінің маңызды бейнелері көрсетілген.

Бірінші Президент атындағы саябаққа келесі автобустармен жетуге болады: 27, 28, 32, 63, 67, 86, 93, 98, 121, 125, 135, 136.

Қала тарихы   Назар аударарлық орындар   Туристер үшін   Форум   Сурет галереясы   Алматы қаласының аймағы   Кері байланыс