рус / каз / eng
28 гвардияшыл-панфиловшылар саябағы

28 гвардияшыл-панфиловшылар саябағы.

Саябақ Алматы қаласының Медеу ауданында, 18 га жерді алып, Қазыбек би, Зенков, Гоголь және Қонаев көшелерінің арасында орналасқан. Ресми атауы 1942 жылы 5 мамыр күні Ұлы Отан соғысы кезінде Мәскеу қаласын фашист танктерінен қорғап қалған Панфилов дивизиясының және алматылық батырларға арнайы қойылған. Олардың барлығы Кеңес Одағының Батыры атағына ие.

Саябақтың шығыс жағында: Ықлас атындағы Халықтық аспаптар көрмесі, Офицерлер үйі, Жауынгерлер – интернационалисттер ескерткіші, және Даңк мемориалы мен Мәңгі алау. Мемориалды кешеннің ашылу салтанаты 1975 жылдың 8 мамырында болып, Ұлы Отан соғысы аяқталуының 30-жылдығына орайластырылған. Кешенге: Қазақстандағы Кеңес билігі үшін күрескен жастарға арналған “Клятва” горельефі кіреді. Триптихтің орта шенінде Мәскеуді кеуделерімен қорғаған батыр-панфиловшылардың кейпі бейнеленген “Подвиг” мүсіні. Оң жағында - “Трубящие славу” композициясы. Оның бейнесі салтанатты өмірдің ән ұранын бейнелейді. Мәңгі алаудың маңында батыр-қалалардан әкелінген жер салынған капсулалары бар, төртбұрышты лабрадориттен орындалған кубтар орналасқан.

Мемориалдың батыс жағында президенттер аллеясы бар. Онда Қазақстанның алғашқы тәуелсіз жылдарында мемлекетке келген президенттер отырғызған Тянь-Шань шыршалары құлпырып тұр. Саябақтың оңтүстігінде Кеңес Одағының Батыры, генерал-майор И.Панфилов ескерткіші орналастырылған. Аталмыш ескерткіштен солтүстік жаққа панфиловшылар аттары жазылған тас ескерткіштер, ал саябақтың солтүстік жағында Бауржан Момышұлының ескерткіші орналасқан. Батыс жағында Тоқаш Бокин бюсті қойылған. Саябақтың барлық аллеялары орталыққа – Свято-Вознесенск Кафедралды соборына алып келеді.

Түс кезінде саябақ ішінде адам қолынан тамақтанып жатқан тиіндерді көруге болады. Салқын кезде құстар демалушылар қолынан семішке шоқып жейді. Және көгершіндер еш қорықпай келушілердің иықтарына отырып, қолдарынан таған алады. Оған қоса қонақтар аттарға, пони және арбаға мініп саябақтың керемет жерлерін көре алады.

Демалыс және мереке күндері саябақ ішінде адам өте көп болады. Тұрғындар саябаққа гүл шоқтарын алып отаны үшін қаза тапқан жауынгерлерді еске алу үшін келеді.

Тарихи анықтама

Қала тарихы   Назар аударарлық орындар   Туристер үшін   Форум   Сурет галереясы   Алматы қаласының аймағы   Кері байланыс