рус / каз / eng

Әулие-Вознесенский Шіркеуі (бұрынғы Түркістан кафедралдық шіркеуі). Бір жарым мың сыйынатын орын, Вознесенский (басты), Благовещенский және Жетісудің аспан қамқоршылары азап шегуші Әулиелері Вера, Надежда мен Любовь, олардың анасы Софияға арналған мехрабтары бар.

28 гвардиялық-панфиловшылар саябағында тұрғызылған. Бастапқы жоба бойынша сәулетшілер: К.А. Борисоглебский мен С.К.Тропаревский (1898-1902), құрылысқа қатысқан инженерлер: Н.И.Степанов пен А.П.Зенков (1904-06 жж). Ағаш сәулет өнерінің үлгісі. Құрылыс орны 1903 жылдың 26 қыркүйегінде Түркістан епископтары Паиси және Дмитриемен дәріптеліп, Вознесенкий атымен аталынды. Құрылыс 1904 жылдың 26 қыркүйегінде Верный қаласының 50-жылдығында басталды. Осының құрметіне жасалған мемориалды тақта орны да бар. 1907 жылдың 30 шілдесінде дәріптеу жүргізілді. Шіркеуде үшқабатты иконостас, петербуг, киев пен верный шеберлерінің ұсталық жұмыстары, иконожазушылар А.И.Мурашко мен П.И.Усыревтің жұмыстары бар. 1894 жылы Гатчинада құйылған қоңыраулар орнатылған (ең үлкені 249 пұт 17 фунтты құрады).

Шіркеу шатырында тікбұрышты үлкен терезе ойығы бар сегіз қырлы барабандарға орнатылған бес күмбез бар. Қабырға бөренелері мен гимараттың қаңқасы және шатыр тіреуіштері шайыр жағылған тяньшань шыршасынан жасалған. Жоспардағы өлшемі 30х50м. Басты күмбездегі крестің жоғарғы нүктесі 39,63 м. құрайды, шіркеу мұнарасы – 44,2 м. 1910 жылы Верныйда болған жер сілкінісі жөнінде құрылысшы А.П.Зенков былай деді: «… өте биік болғанымен ол (шіркеу) икемді. Шіркеу мұнарасы ұзын ағаш шыңы секілді жайқалып, иілгіш бөрене сияқты тұрды…» Ұсталық жұмыстар бойынша берген есебінде Зенков мұнараның, күмбездің құрылымдарына 120 пұт темір, түрлі шегелерден 8,2 пұт, 48 пұт қапсырма кеткенін көрсеткен. Ағаштан жасалған құрылыс металмен нығайтылып, Верныйда алғаш рет темірбетон қолдану арқылы құйылған іргетаспен бекітілген. Үстірт сейсмикалық толқуларды қайтару үшін іргетасты айналмалы жерасты галерея қоршап тұр. Ғимараттың құрылымдық ерекшеліктері де бар. Сыртқы бөренелерге қалың тақтайлар қапталған. Қабырғаларында 12 терезе ойығы болғандықтан олар шіркеу мұнарасының биіктігімен өтетін 16 қос қалың бөренелермен күшейтілген. Сонымен қатар шегенге сегіз тік болттар қағылған. Олар шіркеу мұнарасының бүкіл шегенін, биік пирамида тәрізді шатырды да қамтиды, оларды жоғарғы бөренелермен және қаңқалармен байланыстырады...

20 ғасырдың 30 жылдарында Түркістан Шіркеуі жабылуына және оның мәдени мекемелердің пайдалануына орай өзгерді: 1929 жылдан бастап Қазақстанның Орталық мұражайы, мұнда Алматыға жер аударылған жазушы Ю.Домбровский ғылыми қызметкер болды. Шіркеу мұнарасында Бүкілодақтық радионың антенналары орнатылған, ішінде Қазақ радиокомитеті хорының және әншілерінің жазулары жүргізіліп отырды.

Қоғамдық ұйымдар пайдаланысынан кейін ғимарат қайта жөндеу жұмыстарынан өтті. Мәскеу және Бүкіл Русь Патриархы Алексий II ҚР-ң президенті Н.Назарбаевтың қатысуымен Вознесен шіркеуін дәріптеді. 1995 жылдың 24 сәуірінде Алматы және Семей архиепископы Алексий шіркеуде алғаш рет шоқыну рәсімін өткізді.

Тарихи-сәулет ескерткіші. (ҚазақССР 1982 жылдың 26 қаңтарындағы №38 қаулысымен ғимарат республикалық маңызды тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау тізіміне енгізілген; 1993 жылдың 25 қарашасындағы қаулы бойынша Алматының мемлекеттік тарихи-сәулет қорығына енді)

Әдеб.: Вознесенский кафедралды Шіркеу. Верный-Алма-Ата-Алматы. Алматы, «Күмбез», 2001 ж.; Қазақ ССР Орталық мұражайы . – Республикалық және жергілікті маңызды Қазақ ССР-ң тарихи-мәдени ескерткіштер тізімі. А.-А., 1983 ж., 4, 16 бет.; Кафедралды Түркіст. София шіркеуі – Алматының тарихи-мәдени ескерткіштері ( құжаттар каталогы), Алматы, 2003 ж., 38-41 бет.; Кириков Б.А. Ағаш пен сейсмикалық беріктік. Ежелгі және заманауи сейсмикалық құрылымдар. М.,1990 ж., 44-48 бет.; Проскурин В.Н. Вознесенский Шіркеуі. Алматы қаласының тарихи-мәдени ескерткіштері- Алматы, ТОО «Қазақ энциклопедиясы», 2006 ж., 87 -88 бет.; Әулие-Вознесенский кафедралды Шіркеуі ( құрас. О.Ходоковская ), Алматы., 1996ж

Владимир Проскурин ( Берлин)

Қала тарихы   Назар аударарлық орындар   Туристер үшін   Форум   Сурет галереясы   Алматы қаласының аймағы   Кері байланыс