рус / каз / eng

«Тәуелсіздік» монументі. Республика алаңы, Байсеитова және Сәтбаев көшелерінің қиылысы.

Өнер ескерткіші. Республикалық маңызы бар ескерткіштер тізіміне енгізілген (2001 ж. 26 қыркүйектегі мәслихаттың 2-ші шақырылымының 12-ші сессиясының шешімі).

Авторлық ұжым: жетекшілік жасаған Ш.Е.Уәлиханов; мүсіншілер – А.Жұмабаев, Н.Далбаев, А.Боярлин, М.Мансұров, Қ.Сұраншиев, Қ.Сатыбалдин; сәулетшілер – К.Жарылғапов, К.Монтахаев; құрастырушы – С.Қаламқаров; құрылысшы- А.Ермегияев. Монумент 1996-1998 жылдары тұрғызылды. Кешен көлденең 180 метрге созылып жатыр. Пластикалық стела композицияның ортасы болып табылады. Ол өздігінен биіктігі 28 метрге жететін маңғышлақ құлпытастарына ұқсас. Биіктігі 6 метр болатын «атын адам» немесе қанатты барсқа билік жүргізіп отырған дала басшысын бейнелеп, қазақ жеріндегі нақты мемлекеттік билікті сипаттайды. Стела диаметрі 46 метрді құрайтын домалақ алаңның ортасында орналасқан диаметрі 28 метр жартылай доғал стилобатқа орнатылған. Стеланың төменгі бөлігінде қазақ және орыс тілдерінде мынадай сөздер ойылып жазылған: «1990 жылдың 25 желтоқсанында Қазақстанның мемлекеттік егемендігі жарияланды», «1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігі жарияланды». Стеланың аяқ жағында, стилобатта «Жер ана» және құлын үстінде отырған екі бала аллегориялық мүсіндер орнатылған. Мүсіндер дүниенің төрт бұрышына қарасты.

Кешен ғылымның, мәдениет пен мемлекеттің танымал қайраткерлерінің сәулетін, мүсіндерін, сөздерін біріктіретін бірегей көркемдік шығарма болып табылады. Стеланы жақтаушалайтын көркемделіп құйылған торкөздер Қазақстан тарихындағы басты оқиғаларды, соның ішінде Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың салтанатты сайлануын баяндайды. Ескерткіштің төмен жағында мемориалды тақтайға Президенттің ант беру кезінде Конституцияға қойған қолының таңбасы түсірілген. Құлпытастарға өткен мен бүгінгі күн тарихи тұлғаларының сөздері ойылып жазылған. Мұнда Президент Назарбаевтың келесі сөздерін оқуға болады: «Қоғамдағы татулық пен келісім әр адамның лайықты өмірі мен еңбегін қамтамасыз етеді. Еркіндік – бассыздық емес, әділдік пен құқықтың салтанаты».

Әдеб.: Матвеева Л.А. , Проскурин В.Н. Алматының тарихи-мәдени ескерткіштері кітаб.. Мұрағат және құжаттама басқармасының және Алматы қ. ОММ құжаттар каталогы.- Алматы, «Өнер» баспасы, 2003 ж., 172 б; Проскурин В.Н. До ста городских примечательностей. Алматының алтын кітабы (фотокітаб қазақ., орыс, ағыл. тілдерінде) - Алматы, «Қайнар» баспасы, 2000 ж., 75-79 бб.

Владимир Проскурин (Берлин)

Қала тарихы   Назар аударарлық орындар   Туристер үшін   Форум   Сурет галереясы   Алматы қаласының аймағы   Кері байланыс