рус / каз / eng

Қаланың ең бір ғажайып та әдемі орындарының бірі – теңіз деңгейінен 1100 метр биіктікте орналасқан Көк-төбе тауы. Көк-төбеге әуе трамвайы арқылы арқан жолмен, жаяу жүріп, болмаса арнайы микро автобуспен көтеріліп баруға болады. Биіктіктен қала мен оның аспанмен тілдескен тауларын тамашалай аласыз. Бұл жер, әсіресе, түнгі мезгілде, қала түрлі-түсті жарыққа шомғанда өте әсем көрінеді.

Көк-төбеде алма пішінінде жасалған «Тілектер» фонтаны, балалар қалашығы, скалодром, «Fast Coaster» аттракционы, кішігірім хайуанаттар бағы, көркем сурет галереясы, кәдесыйлар, шәйхана, «юрта» мейрамханасы орналасқан. 2007 жылы Көк-төбеде Алматылық мүсінші Э. Казарянның «Битлз» рок-тобына арналған ескерткіші ашылды. Ескерткіште – қолына гитара ұстап, орындықта отырған Джон Леннон мен оның аты аңызға айналған әріптестері Пол Маккартни, Джордж Харрисон, Ринго Старрдың мүсіні бейнеленген. Қоладан құйылған «Битлздықтар» – түпнұсқалардың дәлме-дәл көшірмесі, ол атақты ливерпульдік төрттіктің рухы мен көңіл-күйін, стилистикасын көрсетіп тұр.

Арқан жол Алматы қаласының орталығын Көк-төбемен байланыстырып тұр. Арман кинотеатрының артында Достық даңғылының (Абай көш. қ.) бойында орналасқан жөнелту станциясының ұзындығы 1727 метрді құрайды, арадағы жолдың ұзақтығы - 6 минут. Арқан жол 1967 жылдың 4 қарашасында пайдалануға берілді. Бүгінгі күнде қайта жөндеу жұмыстарынан кейін ол әлемдік сапа және қауіпсіздік стандарттарына сәйкес келеді.

Тау етегіне дейін №95, 99 қалалық автобустар жүреді.

Ресми сайт: http://www.kok-tobe.kz

тел.: 320-12-01, 393 70 03

Арқан жолдың жұмыс уақыты: 11.00 – 24.00

Жол бағасы: арқан жолмен бір бағытқа – 1000 тг, барып-келу - 2000 тг; микроавтобуспен бір бағытқа– 300 тг, барып-келу – 500 тг; 7 жасқа дейінгі балаларға тегін; жаяу көтерілген жағдайда кіру билеті – 100 тг.

Қала тарихы   Назар аударарлық орындар   Туристер үшін   Форум   Сурет галереясы   Алматы қаласының аймағы   Кері байланыс