рус / каз / eng
Офицерлер үйі болған

Ықылас атындағы музыкалық халық аспаптары мұражайы. Республикалық ( 1980 ж. бастап; бұрын соңды Офицерлер үйі болған ). 28 гвардиялық-панфиловшылар паркінде орналасқан, Зенков к-сі, 24.

Мұражай қорында мыңнан астам сақтаулар, 60 түрлі музыкалық халық аспаптары бар. Халық шеберлері Б.Сарыбаевтың, О.Бейсенбаевтың және т.б. этнографиялық суреттемелері бойынша Абай, Біржан, Дина, Ықылас сияқты суырып салма ақындардың, К.Әзірбаев, М.Ержанов, А.Жұбанов сияқты ақын-композиторлардың әуендері жандандырылды. «Сазген» фольклорды-этнографиялық ансамблі құрылды. Мұражай қобыз әуенінің әйгілі классигі, "Аққу", Жезкиік", "Жалғыз аяқ", "Қамбар-Назым", "Қазан" күйлерінің авторы Ықылас Дүкеновтің (1843-1916) құрметіне аталып отыр.

Ғимараттың жоспарланған сызбасы қалпына келтіру, жөндеу жұмыстарынсыз-ақ біраз өзгерістерге ұшырады. Қуыршақ театры (1983 ж. бастап Музыкалық халық аспаптарының мұражайы) орналасқан кезеңде ғимарататтың ішкі және сырқы келбеті өзгертілген. Түпнұсқаға «ағаш», «шынжара», «үзілмес», «өткізбе» және т.б. ұлттық оюлар қосылған. Мұражай ғимаратының алдына нарқобыздың мүсіндік бейнесі орнатылған.

Өткен ғасырдың 60 жылдары, В.И.Лениннің 100 жылдығына орай, Алматының сәулетшілері Ленин даңғылының бойында құрылыс бастады. Жоба бойынша жаңартылған даңғыл 28 гвардиялық-панфиловшылар паркінің шығысындағы алаңнан басталу керек еді. Офицерлер үйі, қонақ үй мен ҚазМУ корпусы салына бастады. Демек, қаржыландыру тоқтатылып, Офицерлер үйінің құрылысы аяқталмады, Гоголь көшесіндегі қонақ үйі баспа үйіне айналды. Қаланың «лениндік бейнесін» қалыптастырумен қатар ескі қаланың бағалы ескерткіштері жойылып кетті. Тек халық аспаптарының мұражайы орнында қалды. Сәулетші Юрий Ратушныйдың ойынша бұл ғимарат жаңа Офицерлер үйінің бетон зәуліміне көрік беретін еді. (сілтеу).

Іле Алатау бекінісі қалыптасқаннан бері Верный қаласының әскери жиыны, клубтық мекемесі тарихи-мәдени ескерткішімен танымал. А.К Гейнс (1865 ж.) естеліктерінен, ол Алатау округінің бастығы Н.А.Фридерикске барған екен.

«7-де офицерлер клубында ол ресми жиын ұйымдастырды. Көп адам шақырылған. Дастархан керемет жайылған. Комиссия өзін маңғаз ұстағаннан кейін, біздікілердің хлестаковтік менмендік көрсеткендігінен қалған жағымсыз әсерді жою үшін биге шығуды жөн көрдім… Қонақтар карта ойнағанша, ол виолончелде ойнады, жұбайы Софья Антоновна фортепианода жекетшілік етті. Алатаудың виолончелі мен фортепианосы керемет!». Гарнизонның жас офицерлері А.Н.Островскийдің «Не в свои сани не садись» пьесасын қойды. 1887 жылғы жер сілкінісіне дейін жиында Н.М.Пржевальский «Таулы Азияға саяхат» лекцияларын оқып, дөңгелек үстелдер ұйымдастырды.

Жаңа ғимарат 1908 жылы салынды. Жоба авторы А.П.Зенков болды. Петербургтің әскери-инженерлік академиясының түлегі ғимаратты безендіруде көне орыс ағаш сәулетін пайдалана отырып, көркемдік-стилистикалық «ропетовт стилін» енгізді. «Үйшікке» ұқсас тікбұрышты, ағаш ғимарат Жетісудің бірінші ауылшаруашылық және өндірістік көрме-павильоны болды (1913ж.). Терезелері үлкен, үш жармалы, тікбұрышты, оюлы жақтай маңдайшаларымен; алды жасанды ағаш бұрандалармен көмкерілген. Ауқымды-жоспарлау қорытындысы үшості. Басты фасады ризалиттермен көмкерілген. Орталық резалит жақтау маңдайшалармен әшекейленген шатыр терезесі бар екі қабатты итақамен аяқталады. Жоғарғы қабат өтпелі, тіреуге сүйенген төрт жақты құламалы шатырмен жабылған. Басты кіре беріс жақ үлкен күнқағармен айрықшаланады.

Мұнараның жоғарғы қабатында кішігірім төртбұрышты терезелер пайдаланылған. Ағаш павильондар шатыры қарапайым жоңқамен епті жабылған. Өзінің сәнділігіне байланысты көпшілікке кеңінен ұнады. Мұнда Зенков орыс сәулетін өзіндік сейсмикаға қарсы сәулет-құрылыс конструкциялары мен технологияларын жақсы үйлестірген.

Кеңес уақытында мұнда партия, кеңес және шаруашылық съездері, концерттер, қалалық іс-шаралар өткізілген. Бұл ғимарат партия клубы, пошталық-телеграфтық кеңсе, «Красная звезда» киноеатры, Орта-Азиялық әскерлер үйі ретінде пайдаланылған. 1941-45 Ұлы Отан соғысы жылдары мұнда Р. Зеленаның, А.Райкиннің, Н.Рубанның қатысуымен сатира, музыкалық комедия, оперетта театрлары өнер көрсетті. Әр кезеңнің адамдары осында өткен саяси процестердің, қайғылы да салтанатты митингтердің куәгерлері. 1991 жылы Кремльде болған Тамыздық төңкеріс жайлы естіп, жабырқаған президент Борис Ельцин де бұл үйдің қатерінде қалған.

Бұл сәулет, тарих ескерткіші. Ағаш сәулетінің үлгісі. Тарихи-мәдени ескерткіштер тізіміне (1979ж.), Алматы мемлекеттік тарихи-сәулет қорына қосылған (1993ж. 25 қараша).

Әдеб.: Проскурин В.Н. Әскери жиынтық. Алматы қаласының тарихи-мәдени ескерткіштерінің жиынтығы кітаб.- Алматы, «Қазақ энциклопедиясы» ЖШС, 2006 г., 85 -86 бб ; Үй толы бұрышқа. Алматы аулалары кітаб.-Алматы, «Ескендір», 2009 г.-103-106 бб.; СБиік емес, аласа емес үйшік тұр// Эксклюзив Дизайн, 2001 г., №1 (5) .

Владимир Проскурин ( Берлин)

Қала тарихы   Назар аударарлық орындар   Туристер үшін   Форум   Сурет галереясы   Алматы қаласының аймағы   Кері байланыс