рус / каз / eng
Верный қаласы ерлер гимназиясының пансионы

(бүгінде С.Бегалин атындағы балалар кітапханасы), Достық даңғ., 15. 1907 жылы А.П.Зенков қатысуымен сәулетші П.Гурдемен салынған.

Тарихи және сәулет ескерткіштері тізімге (1982 ж.26 қаңтар) және Алматы мемлекеттік тарихи-сәулет және мемориалдық қорына енгізілген (1993ж.25 қараша).

Ғимарат Достық даңғылы (бұрынғы Колпаковский көшесі) мен Төле би көшесінің (құрылыс кезеңінде Гимназическая к-сі) қиылысында орналасқан. Жоспар бойынша «Г тәріздес» тастан жертөле қабатында және темір шатыр жабындысы бар 11 бөлмеден тұрады. Бір қабатты ғимарат тянь-шандық шыршадан тұрғызылған. Бөренелер жалғанған жерлер каннелді қалақшамен сәндендірілген. Басты кіре беріс тастан жасалып, үшбұрышты фронтонмен бекітілген. Кіре беріс ризалиттері аттиктермен аяқталған. Жартылай циркульды терезелер тәжімен белдеуленген. Ғимарат сыланған және әктелген.

Пансион – оқырмандар пәтерінің маңында ашылған (1897 жылдан бастап) ерлер гимназиясының оқу орны мен жатақханасы. Оның құрамында 40 тәрбиеленуші оқитын екі дайндау сыныбынан тұрды. Олардың ішінде ауылдың мұсылман шенеуніктерінің жетім балалары болды. Лазарев институтының шығыс тілдері факультетінің бітірушілері гимназия тәрбиешілері болды. 1879 жылдан бастап Жетісудың әскери губернаторы пансионаты гинмазияның құрметті қамқоршысы болды.

Ғимарат тарихы кеңестер кезіндегі Верный-Алматының алғашқы жастар ұйымдарысмен байланысты; ғимарат ішінде Ресейлік коммунистік жастар одағының Верный қалалық комитеті орналасқан болатын. Сонымен қатар, мәдение саласында Жетісу губернаторы М.Ионовтың, Верныйдың бұрынғы мэрі Л.Брызгаловтың және Кеңес үкіметінің саяси комиссары О.Жандосовтың қызметімен байланысты (Қызыл мұрағат және Жетісулық бұқаралық губерниялық кітапхана. 1937 жылы ұлттық кітпахана А.С.Пушкиннің атымен аталды.) Мұнда Қазақ мәдениет және өнертану ҒЗИ орныққан; 1971 жылдан бастап республикалық балалар кітапханасы (1996 жылы кітапханаға қазақ балалар әдебиетінің классигі Сапарғали Бегалиннің аты берілді).

2011 жылы С.Бегалин атындағы Мемлекеттік балалар кітапханасына 60 жыл толды. Алғашында кітапхана Декханская,230 мекен-жайы бойынша, кейіннен Қазбек би көшесіндегі «Динамо» спорт заттары дүкеніне қарама-қарсы үйдің төменгі қабатында орналасқан болатын. Оның кітап қорында 16 мың дана кітап болды. Кітапхана 5 бөлімнен тұрды: абонемент бөлімі, оқырмандар залы, кітаптарды іріктеу мен өңдеу бөлімі, әдістемелік-библиографиялық және әкімшілік-шаруашылық бөлімдері.

Қазіргі таңда кітапхана қорында 500 мың дана сақталған. Кітапханаға жылына 15 мың оқырман барады. Мұнда компьютерлік кластар, Интернет, электрондық каталог, арнайы залдар және т.б. бар.

Әдеб. Матвеева Л.А., Проскурин В.Н. Верный ерлер гимназиясының пансионы.-Пансион Верненской мужской гимназии.- Алматының тарихи және мәдение ескерткіштері кітабында. Алматы қаласының Мұрағат және құжаттама басқармасы мен ОММ құжаттама каталогы – Алматы, «Өнер» баспасы, 2003 ж., 42-43 беттер; Оқу орындары. – 1907 жылғы Жетісу облысына шолу.- Верный,1908 ж., 105 б.; Проскурин В.Н. Гимназия пансионы. - Алматы қаласының тарихи және мәдени ескерткіштерінің жинағы – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» ЖШС, 2006 ж. 78-79 бб. (автордың жеке мұрағатынан пансион жоспары мен суреті берілген)

Владимир Проскурин ( Берлин)

Қала тарихы   Назар аударарлық орындар   Туристер үшін   Форум   Сурет галереясы   Алматы қаласының аймағы   Кері байланыс