рус / каз / eng
«Исхак Габдулвалиев ұлдарымен» сауда-өндірістік үйі

«Қызыл-таң» Маталар үйі (бұрынғы «Исхак Габдулвалиев ұлдарымен» сауда-өндірістік үйі (1871 жылы Верный құрылғаннан бері) Алматы қаласы, Жібек Жолы даңғылы, 39. Сәулетші А.П.Зенковтың жобасы; 1911 жылы 1-желтоқсанда құрметтелген (басқа да мәлімет бойынша әр уақытта яғни 1886жылы, 1896 жылы және тіпті 1908 жылы сәулетші П.В.Гурденің қатысуымен салынған). Ағаш сәулетшілік үлгісінде.

Ғимарат бір қабатты, ағаштан жасалған, іргетасы бут тастан, жертөлесі кірпіштен қаланған. Тікбұрышты бас қасбеті сммметриялық композициясы бар. Симметриялық белағашы орталық екі түсті көлемді, төбесі қабыршақты күмбез сияқты жасалған. Есігінің алдындағы бес бөліктегі ұшы сүйір үш бұрышты субұрқақ түрінде көрінгені екі қабаттың орталық бөлігі және бірінші қабаттың қанатының қапталы сүйір тіректерімен, айқын ернуі және шашақты оюлардан тұрады.

«... Отарлық тауарлар дүкені, -деп, Ю.Домбровский есіне алды,- көпес...көпес ... Мен оның дүкен маңдайшасындағы кемпірқосақ сияқты металл әріптерімен жарқырап жазылған тегін есіме түсіре алмадым. Есіме түскені ол ұлдарымен сауда жасайтыны. Ғимарат ескі қатар немесе жабық сауда қатарына ұқсайтын. Менің басыма мынадай сөздер келді, «Іскери аула» немесе «Славян базары» сияқты…Нағыз Шехерезаданың сарайы дерсің».

Сауда-өндірістік үйі көтерме (Түркістан, Қытай және Жетісу облыстарының жәрмеңкелерінде) және бөлшектік саудасын (1908 жылы верныйлық сауда орталығында) жүргізген, -галантереялық, парфюмерлік және мануфактуралық тауарлармен; дайын көйлектер және қалпақтар, қолшатырлар және аяқ киімдер, резина галоштар, тігін машинкалары, ыдыстар, самаурындар, төсектер; продажа алтын және күміс заттар сатылымы, сағаттар; тері және шикізат қоймасы, оның ішінде өндірістік және азық-түлік тауарлары).

Кеңес Одағы кезінде Торговый көшесі жазушы Максим Горькийдің атымен ауыстырылды, көпес Исхак Габдулвалиевтың үйі «Түрксіб» (1935 жыл) дүкені болды. «Торгсин» Бүкілодақтық фирмасы (шетелдіктермен сауда жасау- аралас саудасы бар өндірістік дүкен). 1960 жылы күрделі жөндеу жұмыстары және қайта жоспарлау, одан кейін жаңарту жүргізілді, нәтижесінде ғимараттың ішкі зерлері жоғалған (1979 жыл.,сәулетші Е.Мынжасаровтың қалпына келтіру жобасы). 1981 жыл. Жалпы алаңы – 1450 шаршы метр.

Сәулет және тарихи ескерткіштер (Қаз ССР 1982 жылы 26-қаңтарда ғимарат тарихи және сәулет ескерткіші деп жарияланып, мемлекеттік қорғау тізіміне енгізілді) 2009 жылы ғимарат өрт кезінде зақымданған.

Әдебиеттер.: Букетова Н.А. Алматы және Алматылықтар- Алматы, 2007 ж. .45 бет ; Проскурин В.Н.Сауда үйі. Габдулвалиева . В кн. : Алматы қаласының тарихи және мәдени ескерткіштері жинағы кітабынан - Алматы,«Қазақ энциклопедиясы»ЖШС, 2006 ж., 68 -69 бет; Алматы, 2002 жыл. Таиров Н. Исхак Габдулвалиев: татар көпесі және жәрдемші // Ғасыр жаңғырығы, № ½, 2003 ж., Казань.

Владимир Проскурин ( Берлин)

Қала тарихы   Назар аударарлық орындар   Туристер үшін   Форум   Сурет галереясы   Алматы қаласының аймағы   Кері байланыс