рус / каз / eng
Қоғамдық жиналыс ғимараты

(Қазір - Республикалық қуыршақ театры,)

Тарих жəне сəулет ескерткіші

Пушкин көшесі, 63

1910 жылы салынған. Жобасының авторы белгісіз.

Ғимарат қалалық мəдени жəне көрермендер шараларын ұйымдастыруға арналған. Драмалық өнер сүйер қауымның Верныйдағы қоғамы мұнда театр қойылымдарын қойды.

1919 жылы - РКП Верный қалалық комитеті. 1919 жылдан мұнда Совет театры орналасты.

1921 жылы 5 ақпанда қалалық театрда қоғамдық ұйымдар өкілдерін қатыстыру арқылы өткен облыстық жəне қалалық Кеңестердің мəжілісінде Верный атауын Алматы қаласы деп өзгерту туралы тарихи шешім қабылданды.

Қала тарихы   Назар аударарлық орындар   Туристер үшін   Форум   Сурет галереясы   Алматы қаласының аймағы   Кері байланыс