рус / каз / eng
Верный қаласының құрметті азаматы Т.Головизиннің үйі

Көпес Т.А.Головизиннің үйі (қазір - № 4 Мемрезиденция, Кеңес үкіметі кезінде Қазақ ССР-і Министрлер Кеңесінің Шаруашлылық Басқармасының қонақ үйі), Фурманов көшесі, 162.

Жобаның авторы және салыну уақыты белгісіз. Сәулетші П.Гурде болуы мүмкін, ол көркемдік және көлемді жоспарлы шешімімен, классикалық элементтерді қолданған. Ғимарат верныйлық етікші шеберлердің қожасы, Верный қаласының құрметті азаматы Т.А.Головозиннің тапсырысы бойынша салынған көрінеді. Бір қабатты ағаш үй, дөңгеленген шпильді мұнаралары бар, Лепсинский көшесі (Фурманов көшесі) мен Артиллерийский (Құрмангазы көшесі) көшесінің қиылысында тұр. Сондай-ақ орташа қасбет бөлігі көркем безендірілген. Мол көлеңкелерді құрайтын, өсімдік өрнектері жапсырыплған суреттермен безендірілген, салтанатты қасбеттер күрделі пластикамен жартылай колонна түрінде композитті жақтау мен ордерге жетеді. Ғимаратқа қазіргі заманға сай кіру кварталдың қиғаш осі бойынша орналасқан. Шағын көлемді ғимараттың жоспарлау жүйесі екі өтетін бөлмеден тұрады.

Кеңес үкіметі орнағаннан кейін 1918 жылы үй мемлекет меншігіне айналған. Мұнда бала бақша және емхана, коммуналдық тұрғын үй пәтерлері орналасты. Кейінірек ғимарат Министрлер Кеңесінің шаруашылық жүргізуіне өтті. Үйде республиканың алғашқы басшылары мен шетел мемлекеттерінен келген қонақтар тұрды.

Сәулет ескерткіші 1979 жылы және 1982 жылы республикалық маңызы бар мәдени және тарихи ескерткіштер тізіміне енді.

Әдебиеттер: Л.А.Матвеева, Верный қаласының құрметті азаматы Т.А.Головозиннің үйі. Алматының мәдени және тарихи ескерткіштері. Алматы қаласының ОММ және құжаттамалар мен мұрағаттар басқармасының құжаттар каталогы. – Алматы, «Өнер» баспасы, 2003 ж., 36-37 беттер; Проскурин В.н. Головозиннің тұрғын үйі (ҚР Үкіметінің резиденциясы). - Алматы қаласының мәдени және тарихи ескерткіштерінің жиынтығы. – Алматы, «Қазақ энциклопедиясы» ЖШС, 2006 ж., 62-63 беттер (сыртқы көрінісінің суреттерімен, жоспарымен)

Владимир Проскурин (Берлин)

Қала тарихы   Назар аударарлық орындар   Туристер үшін   Форум   Сурет галереясы   Алматы қаласының аймағы   Кері байланыс