рус / каз / eng
Верный қаласының ерлер гимназиясы директорыныың үй-пәтері

(қазіргі кезде Түрік Республикасының Бас консулдығы), Төле би к-сі, 29 үй. Авторы белгісіз (тағы бір мәліметтер бойынша ғимарат 1902 жылы сәулетші П.Гурде жобасымен салынған).

Жоспар бойынша тікбұрышты, ассиметриялық, жертөле қабатында ағаштан жасалған. Сырты сыланған, қалақшамен тігінен бунақталған. Периметрі бойымен ернеу жүргізілген. Тікбұрышты терезелер ағаштан жасалған жақтау маңдайшалармен және сандриктермен көмкерілген. Кіре беріс сүйеніші бар граниттен жасалған.

Қазыналық үй-пәтер гимназиялық қалашық ғимараттарының құрамына кіргендіктен, қазіргі Төле би көшесінің тарихи атауы (бұрынғы Гимназическая, ал кеңес кезінде Комсомольская) содан шыққан. Үй қабырғасында репрессияға ұшырап, сталиндік дәуірде қаза болған тарихшы- ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері, КСРО ХА Қазақ бөлімшесі төрағасының орынбасары, ҚазПИ ректоры Асфендияров Санжар Жаппарұлына (1898-1938) ескерткіш тақтасы орнатылған.

Ғимарат тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау мемлекттік тізіміне енгізілген (1979 жыл, 4 сәуір), Алматы мемлекеттік тарихи-сәулет және мемориалды қорығының құрамында (1993 жыл, 25 қараша).

Әдеб. Матвеева Л.А., Проскурин В.Н. Верный гимназиясы директорының қазыналық үй-пәтері.- Алматының тарихи және мәдение ескерткіштері кітабында. Алматы қаласының Мұрағат және құжаттама басқармасы мен ОММ құжаттама каталогы – Алматы, «Өнер» баспасы, 2003 ж., 172 бет; Проскурин В.Н. Гиназия директорының пәтері. – Алматы қаласының тарихи және мәдени ескерткіштерінің жинағы – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» ЖШС, 2006 ж. 69-70 бб. (автордың жеке мұрағатынан үй-пәтер жоспары мен суреті берілген)

Владимир Проскурин ( Берлин)

Қала тарихы   Назар аударарлық орындар   Туристер үшін   Форум   Сурет галереясы   Алматы қаласының аймағы   Кері байланыс