рус / каз / eng
Орман маманы Э.О. Баумның үйі

Бүгінде-Қырғыз Республикасының консулдық агенттігі. Кеңестер одағы кезінде – Алматының туризм және экскурсия жөніндегі облыстық кеңесі), Амангелді к-сі, 68а. Жоба авторы мен құрылыс уақыты белгісіз (үй Бауымның тапсырысы бойынша әскери инженер А.П.Зенковпен салынған деген пікірлер бар).

Ғимараттың сәулет-көркемдік бейнесі нақысталып жасалған. Үй төбесіне салынған үйшік қабырғалары, терезелер, кіре берістің күнқағары, ернеулер мен фронттар үшбұрыштары оюлы подзорлармен әшекейленген. Бұл үйге әсемдік көрініс береді. Терезелер тікбұрышты, қасбетімен қосарланған, ағаштан ойылып жасалған қақпақтар мен маңдайшалармен көмкерілген. Басты және аулалы кіре беріс жағынан үйшік шамасы шығып тұрған кіріс жайлары орналастырылған. Басты кіре беріс сылақталған. Жоспарланған сызбанұсқасы дәйекті өткінші анфилад түрдегі жайлар.

Бұл ғимарат орман маманы Э.О.Баумның (1850-1921) үйі болды. Оның естелігіне Алмтыда Баум бағы аталды. 1927 жылы үй мұрагерлері Е.Савельева күйеуі екеуі шығарылып, үй мен бағы бар мекен-жай ұлттандырылды. Жылдар өте бүгінгі Сейфуллин даңғ., Қабанбай батыр, Амангелді және Жамбыл көшелері кварталының құрылысына байланысты Баум бағы бұзылды. 1979 жылы Баум үйі жергілікті маңызды тарихи-мәдени ескерткіші болып табылады.

Әдеб: Матвеева Л.А. Орман маманы Э.О.Баум үйі. – Алматының тарихи-мәдени ескерткіштері кітаб. Мұрағат және құжаттама басқармасының және ОММ құжаттар каталогы. – Алматы, «Өнер» баспасы, 2003 ж., 26-27 бб; Проскурин В.Н. Баумның тұрғын үйі. – Алматы қаласының тарихи-мәдени ескерткіштерінің жинағы кітаб. – Алматы, «Қазақ энциклопедиясы» ЖШС, 2006ж., 60-61бб.(сыртқы көрінісініңсуреттемесі, мақалаға библиография жазылған); Баум бауырларының бағы – Алматы аулалары кітаб., Алматы,2009ж., 224-230бб.

Владимир Проскурин (Берлин)

Қала тарихы   Назар аударарлық орындар   Туристер үшін   Форум   Сурет галереясы   Алматы қаласының аймағы   Кері байланыс