рус / каз / eng
Қалалық училище

Қалалық училище (қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің өкілі) Гоголь көшесі 37 үй.

Г.А Колпаковский атындағы Верни училищесі сәулетші П.Гурденің жобасы бойныша 1890 жылы салынған. Ғимарат екі қабатты,тікбұрышты, кірпішті, бөренелі үй. Ағаш фасадтар ойылып салынған өрнектермен екі қабатты белбеулермен кәрзеңке тәріздес безендірілген. Терезелердің екпіні бір қалыпты сандриктер белгілермен айқындатылған. Ризалитаның орталық бөлігі тас кіре берісті көрсететін фронтоны бар.

Училищеде Верни ұстаздары сабақ берген, мұнда ондаған тәрбиеленушілер оқып шыққан. (оның ішінде В.М. Соколов бірінші директор, Г.Л.Вяткин ұстаз, оқушылар арасында болашақ советтік әскери төрағасы М.В. Фрунзе болған, мемориалды тақтайша сақталмаған).Училищенің құрылған алғашқы жылдары совет үкіметі комиссары Д.Фурманов совет еңбек мектебінің бірінші халықтық келбетін құрған. 30-шы жылдары мұнда Гоголь көшесі бойымен жатаханалар құрылысымен Л.И. Мирзоянов атындағы ауыл шаруашылық институты орналасқан. Ғимарат мәдениет министрлігі У.Жанібековтың қызметімен байланысты болған. Сол кезде тарихи және мәдениет ескерткіштер басқармасы жинағы құрылған. 1982 жылғы 26 қаңтарда сәулет, тарих және мәдениет ескерткіші Алматы мемлекеттік сәулет-тарих және меморалды қорық (1993 ж 25 қараша) тізіміне енгізілген. 1981 жылы болған реставрация, қайта жөндеу жұмыстарында жоспарланған шешімі, стилдік және шығармашылық келбеті, ағашты Алматының бұрынғы келбетін біршама бұрмалап тастаған.

Әдеб: Матвеева Л.А.- қалалық училище - Алматы қаласы тарих және мәдениет ескерткіштері кітабы, Алматы қаласы мұрағат және құжаттар айналымы басқармасы құжаттарынан- Алматы қаласы «Өнер» баспасы 2003ж. 54 бет; Проскурин В.Н.,Г.А Колпаковский атындағы Верни училищесі -қалалық училище- Алматы қаласы тарих және мәдениет ескерткіштер жинағы, кітабы-Алматы қ «Қазақ энциклопедиясы» ЖШС 2006 ж 91 бет.

Қала тарихы   Назар аударарлық орындар   Туристер үшін   Форум   Сурет галереясы   Алматы қаласының аймағы   Кері байланыс