рус / каз / eng
Верный қаласының балалар жетімханасы

Қазіргі уақытта - Алматы медициналық колледжі. Кеңес Одағы кезеңінде ғимарат ішінде келесі мекемелер орналасқан: Қазақ орталық атқарушы комитеті, ҚазАКСР мемлекеттік жоспары, кейіннен 1-ші балалар клиникалық ауруханасы. Қабанбай батыр көшесі 132. Сәулетші П.В.Гурде (1892).

Жертөлесі бар шой тас іргетасында орналасқан бірқабаттық бөрене ағаштардан тұрғызылған ғимарат. Ғимараттың бет жағы ризалиттермен өңделген симметриалы үш бөліктен тұратын құрылыс. Көлбеу бойынша көп әйнектер пластика беріп тұрады; ал тігінен қабырға арасындағы жауырындар.

Әйнектер кронштейнге тіреліп тұрған дамыған, тілінген маңдайшалармен өңделген. Бас биік кіреберіс кең баспалдақпен ерекшеленген.

Ғимараттың бүйір қанаттарында үш бөлімі бар мектеп, қыздарға арналған тігін шеберханасы және ұлдарға арналған етік және мұқаба жасау шеберханасы орналасқан. Ризалиттерде тұрғын бөлмелер орналасты. Ғимараттың оңтүстік жағындағы артқы жағында (қазіргі кезде «Динамо» стадионы) бақ және гүлзарлар егіліп, ал алдыңғы жағында тәлімгерлер еккен бақ (қазіргі уақытта Қарағайлар бағы).

Сәулет ескерткіші болып табылып, Мәскеу сәулетшілер қоғамдастығының жинағында бекітіліп, басылған. Жетімхана Верный қаласындағы 1910 жылы орын алған жер сілкінісі кезінде зақымдалды. Кеңес уақыты кезінде үкіметтік қайта жөндеу жұмысынан кейін ғимарат кейпі өзгерді. Ғимараттың орта ризалиті белдігіндегі бес күмбезді Александр-Марииндік шіркеу бұзылды. Бірақ ғимарат ішінің кейпінде қабырғалар мен төбесіндегі сомдау бөлшектермен жасалынған өңдеуі қалпында қалды. 1979 жылы ғимарат жергілікті маңыздағы тарих және мәдени ескерткіштер реестріне енгізілді.

Әдеб.: Матвеева Л.А. Здание детского приюта.- В кн.: Памятники истории и культуры Алматы.Каталог документов Управления архивами и документацией и ЦГА г.Алматы.- Алматы, изд-во «Онер», 2003 г., сс.18-19; Проскурин В.Н. Приют верненский. - В кн.: Свод памятников истории и культуры города Алматы. - Алматы, ТОО «Казахская энциклопедия», 2006 г., сс.83 -54 (с планом приюта, илл.внешнего вида, с библиографией)

Владимир Проскурин (Берлин)

Қала тарихы   Назар аударарлық орындар   Туристер үшін   Форум   Сурет галереясы   Алматы қаласының аймағы   Кері байланыс