рус / каз / eng

Тарихи-мәдени ескерткіштер

АЛМАТЫ - Қазақстан Республикасының ірі саяси, ғылыми, мəдени, қаражат жəне өнеркəсіп орталығы. Деректер бойынша 2011 жылдың басына қаланың территориясы шамамен 340 ш.км құрайды. Қала ірі көлік торабы болып табылады, азық-түлік, жеңіл және ауыр өнеркәсіп кәсіпорындары бар. Алматыда Халық банкінің, Казкоммерцбанкінің, БТА банкінің және Қазақстанның басқа ірі банкілердің бас офистері орналасқан. Қаладан жыл сайынғы салықтық түсімі барлық республикалық бюджетінің шамамен 27% құрайды.

Қаланың қалыптасуы мен оның мəдениетінің ғасырлар қойнауындағы дəстүрі бар. Алматы өзінің дамуында жобалаудың, сəулет ерекшелігінің, өмір дағдысы жағынан белгілі бір кезеңдерден өтті. Əрбір соңғы кезең бұрынғы кезеңнен сол дəуірдің рухын, талғамын, тұрмысын, экономикалық жəне техникалық мүмкіндіктерін, қажеттіліктерін айқындайтын материалдық қызметтің нəтижелерін өзіне мұра етіп қалдырып отырды. Op6ip тарихи кезең қалаға өзіндік жаңа леп əкелді.

Қазіргі қала аумағында табылған елді-мекендердің бар болуның ең алғашқы айғағы б.д.д. VІ-ІІІ ғасырларға жатады, бұлар шағын қалаларға айнала бастайды. Олардың бірін Алмата (Алматы) деп атаған. XVI ғасырда жоңғар шапқыншылығынан кейін көне қала орнында кішкене ғана қалашық қалған.

Жетісу және Іле жерлердің жаулап алушыларға қарсы түруға ұмтылған Ұлы жүздің қазақ рулары 1846 жылы Ресейдің қол астына қарады. Бірінші станица Аягөз бұйрығының орнында 50 бала-шағаларында орналасқан Аягөз станицасы (1860-80 жылдары - Сергиополь) болған. Осы жерде 10-шы ат полкінің сібір казактары орналасты. Жасы келген сайын Аягөз, Көкпекті және Копал қалаларының құрылысы өтті, 12 пикеттерімен пошта таситын даңғыл жолы салынды, Алатау округының бастығы және Үлкен орданың қазақтары жанындағы Приставы қызметімен сыртқы округ (үйездік басқару) орналасты. Ұлы жүз қазақтарының аумағы Ресей империясының құрамына кірді. Іле өңіріне майор М.Д. Перемышльскийдің от­ряды жөнелтті, ол сол жерде əскери инженер Л.И. Александровскийдің жетекшілік етуімен бекіністің құрылысын салуға кірісті. 1854 жылы 4 ақпанда Верный бекінісін тұрғызу туралы заң шешімі және «Зеңбірек атуға төңірегімен Верныйды, Үлкен және Кіші Алматы станицаларды, Ташкент слободаны бекіту» - болашақ қаланың бас жоспары (1858 жылдың 15 қаңтарында бекітілді) қабылданды. Бекіністің аумағына бейберекетсіз көп бұрышты саз балшықтан салынған қабырға (қорған) түрғызылды жəне Кіші Алматы өзе­нінің суы толтырылған айнала ор қазылды. Бекініс қабырғасының ішінде офицерлердің үйлері, солдаттардың казармасы, шағын ағаш шіркеуі, əскер абақтысы мен қоймал ар болды.

1855 жылдың ортасынан бекініске Ресейдің оңтүстік губернияларынан шаруалардың, ташкент саудагерлерінің және сібір казактарының - келесі қоныс аударушылар партиялары келді. Олар Үлкен және Кіші Алматы станицалардың, Татар слободаның негіздеріне басын салды. Кіші Алматы, Ысық және Қаскелен шатқалылардың қоныс аударушылары үшін таңдалды.

1867 жылы 11 сəуірде Верный бекінісі қала, Түркістан генерал-губернаторлық құрамындағы жаңа Жетісу облысының орталығы мəртебесіне ие болады. Әскери министрінің баяндау хатында Верный бекіністі Алматинск қала атына өзгертумен өлкенің жаңа облыстарын Ташкент және Алматы (орталықтарды Ташкент және Верный бекінісі) деп атауға ұсынылды. Бірақ, революцияға дейінгі жылдары қала Верный деп қала берді. 1867 жылдағы 24 қыркүйекте қала сәулетші Г.Н. Сереренниковты сайлауымен əскери губернатор генералы Г.А. Колпаковскийдің басшылығымен Верный қаласын құру жөнінде Комитет құрылды. 20 қазанда Комитеттің бірінші мəжілісі болып, онда болашақ қаланың орнын, Үлкен станицадан оңтүстікке қарай, ары Кіші Алматы өзені бойымен таңдау туралы мəселесі талқыланды. Ресей мемлекеттік тарихи мұрағатында «Бекітілген жоспардан артығы əлі күнге болған емес» деген белгі қойылған «1884 жылғы алдына ала орналасу барысын көрсететін Жетісу облысының Верный облыстық қаласының нақты орналасу жоспары» сақталыпты. Осы жоспар 1885 жылы 25 мамырда жасалған «Верный қаласының жоспа­ры туралы» түсіндірме жазбасымен қоса Алматы қала құрылысын жүргізу тарихы жөніндегі кешенді құжат болып табылады, оған 1868 жəне 1884 жылдардағы Верный қаласын дамытудың екі бас жоспарының болуы дəлел бола алады.

1877 жылдың көктемінде қалалық өзіндік басқарма (1870 жылдың қалалық жағдайының негізінде) енгізілді. Верныйдың бірінші қала басшысы немесе әкімі ретінде П.М. Зенков көпесі сайланды. Қаланың санағы болып өтті, статистика 15 488 сұралған тұратындарды көрсетті: Жаңа қалада (әскерлерсіз) 5881 адам (немесе 2449 ер адамдар және 2196 әйелдер) тұрды; Үлкен станицада және бекіністе – 2710 (3877 азаматтықтар), Кіші-Алматы жаңа ауылында – 1753, Татар слободада – 588; арестанттық ротада және абақтыда – 88, Кузнецовтың арақ қайнататын зауытда – 210 адам. Басқа өнеркәсіптік кәсіпорындарда және казак жайылымда – 331 адам. Алматы өзенінің аржағындағы саябақшаларда – 372, солдаттық слободада – 108, Сартовский базарында – 215, қазына бақшасынан төмен жағалар бойымен – 392, Сауысқан аралында – 201 адам. Бірінші «ықшам аудандар» атауларымен және олардың тұрғындарымен, кәсіпшіліктер және кәсіптерімен Верный қала шаруашылығының аса қызық санағы!

Қаланың жаңа бөлігі пайда бол­ған сəттен бастап 1887 жылдың мамырдағы жер сілкінісіне шейін оның аумағын кеңейту батыс бағытта (қазірде Райымбек даңғылы), оңтүстік-батыста қазіргі Мақатаев жəне Пушкин көшелерінен, және оңтүстік бағытта (Достық даңғылы) қанат жайды. Жер сілкінісінен кейін жаңа жерде, Іле өзенінің оң жақ жағалауында, қала құрылысы туралы ұсыныстар аз түскен жоқ. Тиісті топографиялық зерттеулер жүргізілді. Бірақта билік басындағылар бұл жобадан бас тартты. Бұдан кейінгі құрылыстар жер сілкінісіне төтеп беретін жағдайларды есепке алу арқылы жүргізілді.

XIX ғасырдың 80-ші жылдарының аяғына таман əкімшілік-қоғамдық орталық қазіргі 28-гвардияшыл панфиловшылар паркі (бұрынғы станица зираты) ауданында болды. Айналасына неғұрлым ірі ғимараттар тұрғызылды: əскери гу­бернатор үйі, гимназия, Собор. 1887 жылдағы жер селкінісінен кейін аз қабатты, жапырайған, бөрене үйлердің құрылысы басталды, бірақ, соны биік шатырлар мен балкондармен, металл және тас қақпалар мен кіре берістермен тым мәнерлі. Соның ішінде қаланың визит карточкасы болған «зенков шығармалары», А.П.Зенков әскери инженерінің және оның қызметтестер мен сәулеткерлердің тектері бойынша, - офицерлер жиналысы үйі (қазірде Ықылас атындағы Халық саз аспаптары мұражайы), Қоғамдық жиналысы (қазірде Қуыршақтар театры), қалалық мектебі (Мәдениет министрлігінің корпусы), Габдулвалиев дүкені (Қызылтаң сауда орталығы), Вознесенский соборының жаңа ғимараты. Қала тарихының әншісі жазушы Юрий Домбровский ғибадатхана туралы былай деп жазады: «… Еңсесі биік, көп күмбезді, əшекейлі, түрлі-түсті, ғажайып ернеулі, бүрмелі темір шатырлы, қоңыраулы, басқыштардың тұтастай жүйесі қойылған баспалдақтары бар, өтпелі жолдары мен галереялары орналасқан ол, тіпті Верныйдағы ең күшті жер сілкінісінен кейін Зенковтың тамаша сарайларының бірде бірі бұзылмаған болса, соның бірі еді. Құрылыстың ағаштан салынуы сəулет шеберінің мерейін өсіре түсті. Зенковтың ең керемет туындысы - Кафедральды Соборда - тіпті əйнектің өзі сынбай қалды емес пе».

1910 жылы 22 желтоқсанда (ескі есептеу бойынша) Верныйда тағы да көптеген құрбандармен жойқын жер сілкінісі болды. Соның салдары-нан 616 тұрғын үй толықтай қирап, 300 құрылыс бүлінді. Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұрағатында XIX ғасырдың аяғында XX ғасырдың басында Верный көшелерінде тұрған маңызды əкімшілік жəне ең ірі ғимараттар бейнеленген карта-схема сақталған. Геологиялық Комитет Еңбегіне қосымша ретінде «Верный қаласының жоспары» сақталып қалды. Оны 1910 жылы негізіне дейін қиратылған Верныйға келген ғалым-сейсмологтар және К. Богданович, И. Карк, Д. Мушкетов геологтар жасаған. Картада қалаға қатысы бар 43 көшенің атауы, Үлкен Алматы станицасының 8 көшесінің атауы көрсетілген. Сол кезде қаланың шығыс жақ шетінде Кіші Алма­ты өзені бойымен созылған Побережная көшесі (қазірде - Бузурбаев) болған. Қала батыста Көктем жағаларында (жылдар өткен сайын Гончарная көшесі, қазірде Мұратбаев) түйықтады. Оңтүстігінде қала шекарасы бойымен Магистраль (Головной) арығы өтті. Солтүстікте ескірген Алма-Атыны Ташкент аллеясы (1868 жылдан бастап Павел Зенков бірінші қала құрылысшымен салынған, жасылмен жақсы жабдықталған тас жол) түйықтады.

Кеңес өкіметі орнатуымен 1918 жылдың көктемінде қала дамуының жаңа кезеңі басталады. 1921 жылы 14 наурызда Верный қаласын Алма-Ата деп атына өзгерту туралы Декрет шықты. 1927 жылы 3 наурызда Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитеті мен Халық Комиссарлар Кеңесі Қазақстан астанасын Қызылордадан Алма-Атыға көшіру туралы қаулы қабылдады.

1930 жылдардың басында Алма-Атыда құрастырмалы құрылыстың өзіндік ықпалымен ірі қоғамдық ғимараттар салынды. Бұл сəулетші М.Я. Гинзбургтің жобасымен тұрғызылған Үкімет үйі (қазіргі өнер Академиясы), сəулетші Г. Герасимовтың нұсқасындағы Баспочта ғимараттары еді.

30-шы жылдардың екінші жартысынан бастап сəулетшілер орыстың классикалық мұрасы мен қазақтың ұлттық сəулет өнерін қолдануға мəн бере бастады. Сəулетшілер үшін бұл қала шығармашылық ізденіс кезеңі болды.

Бұл кезде тұрғызылған ғимараттардың ішінен жаңа сəулет үлгілері кездестіріледі. Көп бағаналы қалқалар, маңдайшалар, əсем ернеулер қоғамдық жəне тұрғын үйлер сəулетіне енгізілді.

1933-1941 жылдар шінде ескі бір қабатты үйлер орнына Алма-Аты сəулетін түбірімен түрлендіріп жіберген жаңадан көптеген ірі құрылыстар бой көтерді. 1941 жылы қарашада Опера жəне балет театрының құрылысы аяқталды. Театрдың сəулетінде классикалық мұра дəстүрі пайдаланылды, қазақ нақыштың мақамдарын қолдауымен бай декор жасалды. Сол кезеңінің құрылыстары қаланың сəулет бейнесін қалыптастыруда өзінің оң ықпалын тигізді.

Ұлы Отан соғысы жылдарында соғыс қажеттеріне орай құрылысқа тежеу салынып, оның көлемі едеуір қысқартылды.

Соғыстан кейінгі жылдары құрылыс қайтадан кеңінен қанат жая бастады. Тап содан бұрынғы кездегідей классикалық сəулет пен халық сəулет өнерінің тəсілдері мен түрлері, сондай-ақ ұлттық айшықтар (жаңа Үкімет үйі, Ғылым Академиясының бас кешені, Қазақ тұтынушылар қоғамы ғимараты, аэровокзал жəне т.б.) қолданылды. Бұл уақытта Алма-Атыда қалалық ортаны ресімдеудің жаңа кезеңі басталды: алаңдарда, бақтарда азамат соғысы жəне Ұлы Отан соғысы батырларының (А. Иманов, С.Д. Луганскийдің ескерткіштері) ескерткіштері қойылды.

50-ші жылдардың ортасында сəулетшілер жобалау тəсілдерін қайта қарауда айтарлықтай жұмыстар атқарды. Сол кезде тұрғызылған Орталық стадион, «Қа­зақстан» («Жетісу») қонақ үйі, Əуезов атындағы драма театры (Жас көрермендер театры) уақыт талаптарына едәуір дәрежеде жауап берді. Бұл құрылыстар өздерінің сəулет үлгісі мен жобалау түрғысынан, құрылыстық түрі жағынан озық үлгіге жатады əрі сəнді де салтанатты көрінеді. Сəулеттің одан əрі дамытудың негізі максимал индустрияландыру, сəулет-құрылыс элементтерді рационалдау және сәйкестендіру, қаланың қоршаған табиғаттық-климаттық жағдайларға сәйкес ең жақсы деген үлгі - сəулет шешімдерін іздеу болып табылды.

Астананың сəулетін дамыту 60-80 жылдары бүкілодақтық көлемде сəулетті шығармашылықпен дамытуға деген жалпы құлшыныспен байланыстыруға болады. Қала көшелері мен алаңдарының кескін-келбетін қалыптастыруда монументальды мүсіні мен басқа да декоративтік өнер түрлері маңызды рөл атқара бастады. Ш. Уəлиханов ескерткішінің құрылысы арқылы сәулеттік және пластикалық шешімдер бірлігімен туған Ғылым академиясы алаңы, В.И. Ленин атындағы Сарайы (қазірде - Республика Сарайы) мен 25 қабатты «Қазақстан» қонақ үйі айналадағы құрылыспен және Абай ескерткішімен бірге қаланың ең жақсы қала құрылысшылар ансамбілінің біреуін құрастырды. Абай даңғылы мен Көктем өзенінің қиылысында маңызды қала құрылысы торабы пайда болды: Цирк ғимараты, Неке сарайы, Ə. Қастеев атындағы Мемлекеттік Өнер мұражайы, М.О. Əуезов атын­дағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының ғимараты, Абай даңғылынан оңтүстікке қарай Жаңа алаңы (қазірде – Республика алаңы) мен Қазақстан Компартиясы ОК ғимаратының (қазірде - қалалық əкімшілігі) сәулеттік ансамблі туды.

Кеңес Одағы ыдыраған соң және Қазақстан Республикасы егемендік алған соң қаланың дамуында жаңа кезең басталды. Қала 1993 жылы ресми атауын Алматыға ауыстырды. 1995 жылы қаланың үш ірі құрылысы аяқталды: Республика Президентінің Резиденциясы, «Мар­ко Поло Рахатпалас отель», «Ан­кара» қонақ үйлері. Қаланың бет-бейнесін ажарландыра түсуде мүсін өнері айтарлықтай рөл атқарады. Қаланың бас алаңында - Республи­ка алаңында Тəуелсіздік Монументі, Достық даңғылында - Жамбыл Жабаевқа ескерткіш, Сəтпаев пен Байтұрсынов көшелері қиылысында - Қ. Сəтпаевқа ескерткіш, Достық даңғылы мен Шевченко көшесі қиылысында Т. Шевченкоға ес­керткіш, 2-Алматы темір жол стан-циясы вокзалының алдындағы алан-да Абылай ханға ескерткіш жəне т.б. орнатылды.

Ақырғы жылдарда сәулеттік шешімдерде ұлттық дәстүрлер іс жүзінде жоқ. Жаңа технологиялар және материалдар қолданылады, әртүрлі комфорт деңгейі және бағамен тұрғын үйлер салынып жатыр. Офис ғимараттар, бизнес-орталықтар, гольф-клубтар, супермаркеттер, ойын-сауық орталықтар белсене тұрғызылуда. Сонымен бірге қалалық билік басқарушылар қаланың тарихи орталығын сақтау және экологиялық жағдайын жақсарту үшін шығады.

Әдеб.: Алматы қ. ОММ Құжаттар каталогы Алматы қ. тарих және мәдениет ескерткіштері Проскурин В.Н. Алматы-Верный. Кітапта: Алматы қаласының тарих және мәдениет ескерткіштерінің жинағы. - Алматы, «Қазақ энциклопедиясы» ЖШҚ, 2006 ж., 38 -126 беттер (белгілер және библиографиялар, тарихи-өмірбаяндық мәліметтер, фотосуреттер және автордың ескерткіштер сызбалары).

Проскурин В.Н. Алма-Аты сарайшықтары. - Алматы, «Іскандер Искандер», 2009 ж.-396 б. (өлкетану мақалалар, эсселер, әңгімелер. Сурет автордың жеке мұрағатынан)

Қала тарихы   Назар аударарлық орындар   Туристер үшін   Форум   Сурет галереясы   Алматы қаласының аймағы   Кері байланыс